Кентауда «Еңбек» бағдарламасымен 4 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

Мәселен, жоспарға сәйкес жыл соңына дейін бағдарламаның екінші бағыты – кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша 482 азаматқа қолдау көрсетілу керек болса, бүгінге дейін 314 адам жұмысты болған. Оның 139-ы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік курсты оқыса, 45-і шағын несие алған, ал 130-ы мемлекеттік грант иегері атанған.

Сондай-ақ, биыл бағдарламаның үшінші бағытты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша 6103 адам қамтылады деп жоспарланған. Ал, бүгінге дейін 3665 азаматқа көмек көрсетілді. Атап айтқанда, оның 1623-і тұрақты жұмысқа орналасса, 143-і әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған, 500-і жастар практикасына, 1399 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған.

«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында Кентау қаласы бойынша 62 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 223 жаңа жұмыс орын ашылған. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы әзірге 130 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылып отыр.