Түлкібас ауданындағы білім мекемелерінде қосымша ғимарат салынуда

Ауданда халық санының артуына байланысты 6 елді мекендегі білім мекемелерінде қосымша корпустар бой көтеруде. Соның бірі - Түлкібас кентіндегі Шевцов мектебі. Мектептің ескі ғимараты толығымен күрделі жөндеуден өтіп, қосымша 150 оқушыға арналған корпус құрылысы қарқынды жүруде.

Түлкібас ауданы, мектеп

Түлкібас ауданында жалпы 60 мектеп бар. Оның ішінде 46 орта, 5 негізгі, 9 бастауыш білім беру мекемелері және 1 үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернат.

Сондай-ақ аудан аумағындағы өзге де мектептердің жанынан қосымша ғимарат құрылысы жүруде. Атап айтқанда, Шақпақ баба ауылындағы С.Бреусов атындағы 200 орындық мектеп құрылысы; Жыланды ауылы О.Кошевой атындағы, Сеславино ауылы «Сеславино» мектебіне, Мыңбай ауылындағы Жамбыл атындағы, Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектептерде 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы және пайдаланудағы ғимаратты қайта құру жұмыстары жүруде.

Сонымен қатар, ауданда биыл мамыр айында бастау алған үш білім мекемелерінің яғни, А.Байтұрсынов, Г.Титов және М.Ломоносов мектептерінің қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 100 пайызға аяқталып отыр. Бұл жерде әр мектептің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарымен қатар электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңартылған. Сонымен қатар, М.Ломоносов мектеп гимназиясының кәріз жүйесі мен желдеткіш жүйесі жаңартылса, Г.Титов мектебіне жаңа жылу жүйесі орнатылды.