Түлкібас ауданында «Жас кәсіпкер» бағдарламасымен 130-ға жуық азамат кәсіп ашқан

Оған автокөліктердің электр жүйесін жөндейтін орталық ашып, бүгінде күніне 10 көлікке қызмет көрсетеді. Айына орта есеппен 200-250 мың теңге пайда тауып отыр. Орталықта жергілікті 3 адам жұмыспен қамтылған.

Биыл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында аудан бойынша 127 азамат 555 600 теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп отыр. Оның ішінде: 79 азамат алған қаржыны мал шаруашылығы, ал 38 азамат үй іргелік жерден мол өнім алу бағытында тамшылатып суару әдісін енгізу мақсатындағы кәсіп ашқан.

Сонымен қатар, мемлекеттік қайтарымсыз қолдауды 10 азамат тігін цехы, шаштараз, тәтті тағамдар дайындау, массаж салондары мен көлік жөндеу орталықтарын ашу мақсатында жұмсаған.