1. Тест: Қайрат Нұртастың қандай әнісіз?

Осы айда Baribar.kz аудиториясында әнші Қайрат Нұртастың тыңдармандары көп екені байқалды. Оқырмандар Қайраттың әні арқылы жан-дүниесін қалай сипаттауға болатыны жөнінде тестті орындап, сүйікті әншісінің қай әні өзіне лайық екенін білген екен. Бұл – қыркүйекте ең көп оқылған тақырып.

Қайрат Нұртас
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

2. Тест: Мектеп бағдарламасын қаншалықты жақсы білесіз?

Қыркүйекте оқу басталып, оқушылар мен студенттер білім көкжиегін кеңейтуге қайта кірісті. Оларға қарап, ересектер де мектеп бағдарламасын еске түсіргісі келгендей. Оқырмандар Baribar.kz-тің мектеп бағдарламасына қатысты дайындаған тест сұрақтарына ерекше қызығыпты.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Turgay Mutlay

3. Әр бала бас кейіпкеріне айнала алатын ертегі кітабы

Жақында «Менің атым кім?» атты ертегі жарыққа шықпақ. Бұл кітаптың ерекшелігі — әр кішкентай оқырманның ертегінің басты кейіпкері бола алатыны.

“Менің атым кім?” – 8 жасқа дейінгі балаларға арналған ертегі. Кез келген ата-ана жобаның сайтына кіріп, кейіпкердің жынысын, бейнесін өз баласына ұқсатып таңдап, баланың есімін көрсете алады. Кітаптың алғысөзінде де бүлдіршінге естелік хат, тілек жазуына болады. Тапсырыс берілген соң кітап 3-5 жұмыс күні ішінде дайындалады. Осылайша әр бала өзіне арнайылап жазылған, шытырман оқиғаның басты кейіпкері болуға мүмкіндік беретін ертегі иесі атанады», — дейді жоба авторы.

Жоба жетекшілерінің бірі Ерік Беріков ертегінің құрылымы, мақсаты және оның балаларға пайдасы жөнінде айтып берді. Бұл тақырып Baribar.kz аудиториясына қызық болған топ-3 материалдың қатарына кіреді.

"Менің атым кім?"
«Менің атым кім?» ертегісі. Фото жеке архивінен

4. Таным: қатерлі індеттен қазақ қалай сақтанған?

«Қазақ ақсақалдары ауру тарап жатқан ауылда той өткізуге тыйым салады. Ал ауру тарамаған елді-мекендер көрші ауыл қаралы болып жатқанда тойды тоқтатады, кейінге қалдырады. Ал ауыл ішінде ауру жұқтырып алғандардың маңдайына қазанның қара күйесін жағып қояды. Жаман аурудың атын атап айқайламайтын. Тергеп, жұмсартып “індет”, “сырқат” және тағы басқа деп айтқан. “Аш адам ұрысқақ, ауру адам тырысқақ” деп науқастың ашуына тимейтін. Материал әрі рухани көмек беріп, көңілін аулайтын», – дейді этнограф.

Әлдебір індет тарағанда қазақтар қандай шара қолданған? Жұқпалы аурудан қайтқан кісінің жөн-жоралғысын қалай жасаған? Сауалымызға Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф Болат Бопай жауап берді.

Алматы арена
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

5. Назым Қанқожа: АҚШ-та баланы тәрбиелемейді, баламен санасады

Күз айларында оқырманның білім, мектеп туралы тақырыптарға қызығуы таңсық дүние емес. Осы жолы білім алу мақсатында қоныс аударған Назым Қанқожаның редакцияға берген сұхбаты көп оқылған. Назым әңгімелесу кезінде Америкадағы балалардың мектептегі бір күні қалай өтетіні, қандай кітапқа қызығатыны, бала тәрбиесі жайлы айтып берді.

Назым Қанқожа
Назым Қанқожа. Фото жеке архивінен