Бүгін «Жетекші шетелдік университеттер мен медициналық ЖОО арасындағы стратегиялық серіктестіктің бірінші кезеңін қорытындылау туралы» халықаралық конференция өтті.
«Кез келген саланың дамуы немесе құлдырауы кадрға байланысты. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық білім берудің жаңа моделін жүзеге асырғымыз келеді. Бұл модель студенттерді іріктеуге қатысты. Сондықтан, таңдау жасау керек, мектепте биология мен химия пәндерін тереңдетіп оқыған оқушыларды ма, әлде медициналық колледжерде оқыған «дайын» мамандарды қабылдаймыз ба?!» — деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
Министрдің айтуынша, медицина саласындағы білімді жетілдіру үшін отандық алты университет халықаралық алты университетпен стратегиялық байланыс орнатқан екен. Оның төртеуі — АҚШ университеті болса, екеуі — Еуропаның білім беру орындары.
Мен 11 сынып оқушысымын.Сонда біз жоғарғы оқу орнына түсе алмасақ қайда оқимыз?Біз 11 жыл бойы сонда оқып дайындалып колледжіге түсеміз ба?Əділетсіздік!
неге олай етпекші, дәрігер боламыздеген арманымыз өшетін болды ғой.
Мед коледжнен кейн мед университетне калай тусуге болады. Кандай документтер керек. Степендия берледи ма?