Түркістан-Кентау автокөлік жолы 95% жөнделді

Мердігер мекеме — «Ақ-Жол» ЖШС-і. Түркістан мен Кентау аралығындағы жолдың жалпы ұзындығы 26 шақырым, қазіргі таңда оның 19 шақырымы жөндеуден өтіп жатыр.

Бүгін жалпы жөндеу жұмыстары 95% аяқталып, жолға асфальтбетон жамылғысы толық төселген. Сондай-ақ, елді мекен аумақтарында аяқжол, жарықтандыру шамдары орнатылды. Бұл жұмыстармен қатар Түркістан қаласының аумағында веложолақ төселді.

Сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері орнатылып, жолға таңбалау жұмыстары жүргізілді. Жаңартылған жол 2021 жылы толықтай пайдалануға берілетін болады.