Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан. Қаладан 20 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған.
Әуе айлағын салу үшін 102 бірлік арнайы техника мен 300-ден астам құрылысшы жұмылдырылды. Халықаралық әуежайдың жалпы ауданы 905 га құрайды. Әуежайдың қызмет көрсету әлеуеті жылына шамамен 3 миллион жолаушыны құрайды.