Сайрам ауданында 117 гектар жерге отбасылық алма бағы құрылды

Инвестициялық іс-шаралар шеңберінде «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының қолдауымен және қаржыландыруымен биыл Түркістан облысы Сайрам ауданында жалпы көлемі 117,6 гектар болатын 7 интенсив отбасылық алма бағы құрылды. Оның 100 гектары интенсив бақ үшін, 17,61 гектары қажет инфрақұрылым үшін пайдаланылып отыр. Атап айтқанда, периметр бойынша жолдары, сорғы, сүзу станциялары, тұрмыстық ғимарат, қойма, бақылау пункті, құдық және тағы басқалары.

Бақтарда M9 тамыр сабағына келесі алма сорттары отырғызылған: Гала, Голден Делишес, Фуджи, Грэнни Смит. Отырғызу схемасы — 4м х 1м.

Қарқынды отбасылық бақтарға арналған жабдықтар мен негізгі құралдарды жеткізуші DALA-FRUIT.KZ ЖШС. Ол интенсив бақтарды құрумен айналысады.

DALA-FRUIT.KZ ЖШС бақтары тамшылатып суару жүйесімен, торлы жүйемен, қорғаныс торымен, қажет құрылымдармен, қоршаумен жабдықталған.