Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде Шымкент аумағында алдын ала сөз байласу арқылы нақты жұмыс істемей, қызмет көрсетпей немесе ерекше ауқымда тауарларды жөнелтумен айналыспай шот-фактура жазумен айналысатын бір топ адамды анықтады, — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, ұйымдастқан қылмыстық топ 615 миллион теңге көлеміндегі жалған шот-фактура жазып бергені үшін осы соманың 6,5%-і, яғни 40 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды.
Шымкенттің Абай аудандық соты айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 3-бөлімінің 216-бабы бойынша (нақты жұмыс істемей шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау. — Ескерту) кінәлі деп тапты. Олар шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, — деп хабарлады комитет.