Баспаналы болған тұрғынның бірі — білім саласының маманы Ұлбала Мұстафаева қуанышын бөлісіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға пәтер иелері атынан алғысын жеткізді.
Қала күнінде берілген №3 тұрғын аймағындағы үйлер құрылысын «Бақ-Береке 2030», «Дәнекер», «Сапақ», және «Астана Сервис ЛТД» компаниялары жүргізген. Бес қабаттан тұратын 200 пәтерлік тұрғын үйдің жалпы ауданы — 12 мың 619 шаршы метр.
Кейінгі жылдары Қызылордада 14 жаңа шағын аудан, 7 тұрғын үй кешені бой көтеріп, 10 мыңға жуық қызылордалық баспаналы болды. Соның ішінде тұрғын үй құрылысын еселеп арттырған Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қалада кейінгі 2 жылда республикалық, облыстық бюджеттерден 620 пәтерлік 13 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 240 пәтерлік төрт көпқабатты несиелік тұрғын үйлердің, сонымен қатар жеке құрылыс салушылардың есебінен 604 пәтерді құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыстары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін 680 пәтерлік арендалы 14 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Жеке инвесторлардың қаражаты есебінен 86 пәтерлік бір көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.