Басты бетҚоғамЖылқы бордақылаумен...

Жылқы бордақылаумен айналысатын жалғызбасты ана

Бүгінде Кентаудың іргесіндегі ауылдарда қора-қора төрт түлік ұстап, табысын еселеп отырғандар бар. Сондай еңбеқкор жанның бірі – Жүйнек  ауылдық округінің тұрғыны Ұғылпатша Қаһарова.

Ұғылпатша ана 2015 жылдан бері жылқы бағып, бордақылаумен айналысып келеді. Бастапқыда шаруа ана өз қаржысына алты жылқы алып, қолға байлаған.

Ұғылпатша Қаһарова
Ұғылпатша Қаһарова. Фото автордан

Бүгінде төрт түліктің бірі болып саналатын асыл тұқымның саны 40-қа дейін көбейген.

Ерекше күтімді қажет ететін жылқыларға күніне 7-8 сағатымызды бөлеміз. Себебі жылқы — тазалықты сүйетін жануар. Әбден семірген бір жылқыдан 250-340 келі аралығына дейін ет аламыз, — дейді кәсіпкер ана.

Жылқыны Қостанай облысынан алдыртады. Етін арнайы өздері келісімшартқа отырған орындарға жеткізіп отырады. Шаруа ананың айтуынша, жылқы етіне сұраныс жоғары.

Жылқы
Фото автордан

Жалғызбасты ананың жоспары көп. Тіпті, үлкен ұлы ветеринар мамандығын оқып, әр түліктің  саулығына аса мән беретінін айтады. Бүгінде қораларын ұлғайтып, жылқы санын 100-ге жеткізуді мақсат етіп отыр. Оған қоса, қымыз өндіруді де қолға алмақ.