Әскери авиаторларға мемлекеттік наградалар табыс етіліп, мерзімнен бұрын кезекті әскери атақ берілді

Жұмыс сапары барысында бас қолбасшы әскери бөлімдердің жаңа оқу жылына дайындығын, оқу-материалдық база объектілерінің жай-күйін тексерді. Комиссия құрамында келген бір топ офицерлер ғимараттарды, үй-жайларды тексерді, Жетіген және Талдықорған гарнизондарының аудандық пайдалану бөлімдерінің бастықтарымен жұмыс кеңесін өткізді.

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы мен ҚР Қорғаныс министрінің атынан қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін ӘҚК-нің бас қолбасшысы мемлекеттік наградалар табыстады. Полковник Сергей Поплавский ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, майор Бақытжан Кәрімов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, ҚР ҚК-нің қызметкерлері Виктор Боровиков пен Лидия Лазарева құрмет грамотасымен марапатталды.

Әскери міндетін үлгілі орындағаны үшін бірқатар әскери қызметшіге мерзімнен бұрын кезекті әскери атақ берілді.