Басты бет Қоғам Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке сайланды

Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке сайланды

Ол 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін экономика саласы бойынша Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды.

Фото: Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі

Белгілі экономист Олжас Құдайбергенов Ұлттық экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің төрағасы болып сайланды.

Бүгін, 25 қыркүйекте кеңестің отырысы өтті. Онда Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың жағдайы мен болашағы талқыланды.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді.  Бұл  — министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Кеңес төрағасы болып экономист, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

Олжас Құдайбергенов Президентпен кездесті
Фото: Аkorda.kz
Айта кетейік, былтыр қарашада Олжас Құдайбергенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Құдайбергеновке еліміздің экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша нақты ұсыныс жасауды тапсырды. Кейін экономист Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарды.

Exit mobile version