Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Фото: Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан

Берік Уәлидің айтуынша, Қазақстан Президенті қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалына барады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі.

Сонымен қатар білім беру орталығын, индустрия және инфрақұрылым нысандарын аралап көреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірнеше кездесу өткізеді.

Exit mobile version