«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ұзындығы 136 шақырым болатын облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолы жөнделіп жатыр. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қызылордадағы С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін 4,6 шақырым жол салынып жатыр. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша 72 шақырым болатын 66 көше асфальтталады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 263 жоба жүзеге асып жатыр. 255 шақырым автокөлік жолы мен көше және көпірлер жөнделуде. 2639 адам жұмыспен қамтылған, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
Сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 30,4 шақырым елді мекен көшелері мен көпір өткелдері жаңарып жатыр. Осы жұмыстар аяқталған соң облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының 69%-і жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізіледі.