Мәди Такиев Президент әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, — делінген құжатта.
Президент бұған дейін осы қызметті атқарған Мақсат Мұхановты қызметінен босату туралы жарлық шығарды.