ASUS ROG Zephyrus G14
ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ноутбуктың конфигурациясы

Санаты Ultra-slim Gaming
Процессоры AMD Ryzen 7 4800HS (7 нм, 8 ядро/16 ағын, 2,9—4,2 ГГц, L3-кэш 2×4 МБ, TDP 35—54 Вт)
Оператив жадысы 16 ГБ LPDDR4-3200 (екіарналы режим, 22-22-22-52 CR1)
Видеожүйесі AMD Radeon Graphics Nvidia GeForce RTX 2060 Max-Q (6 ГБ GDDR6, 192 бит) интеграцияланған
Дисплейі 14 дюйм, WQHD (2560×1440), 60 Гц, IPS, sRGB 100%
Дыбыс жүйесі 2,5 Вт (Smart AMP) 2 динамик және 0,7 Вт 2 динамик, Dolby Atmos технологиясы
Жинақ жадысы NVMe SSD 1 ТБ Intel 660p (SSDPEKNW010T8), M.2 2280, PCIe 3.0 x4
Пернетақтасы Жанып тұратын клавиатура
Жылдам клавиштер: дыбыс деңгейін реттеу / микрофон / ROG Armoury Crate
Әр батырманы басқанда процесс жеке-дара өңделіп, орындалады
Интерфейсы 1 x USB 3.2 Gen2 Type-C с DisplayPort 1.4 және Power Delivery
1 x USB 3.2 Gen2 Type-C
2 x USB 3.2 Gen1 Type-A
1 x HDMI 2.0b
1 x 3,5 мм гарнитураның комбинациялы аудиожолы
1 x Kensington слоты
Қуаты 180 Вт қуат блогы
USB Type-C қуат беру мүмкіндігі (USB Power Delivery 3.0 стандарты), 65 Вт-қа дейін
Сымсыз байланыс Intel Wi-Fi 6 (802.11ax), гигабиттік
Bluetooth 5.0
Көлемі Ені: 32,4 см
Ұзындығы: 22,2 см
Қалыңдығы: 1,79 см –AniMe Matrix болмаса; 1,99 см – AniMe Matrix болса
Салмағы 1,6 кг – AniMe Matrix болмаса
1,7 кг – AniMe Matrix болса

ROG, яғни Republic of Gamers отбасына кіретін бұл аппарат қолымызға тигенде, салмағының жеңіл екенін бірден байқадық. “Геймерлерге арналған ноутбук үлкен, ауыр әрі ебедейсіз келеді” деген ойдан осы жерде айныдық. ASUS инженерлері қалыңдығы 2 сантиметрден, салмағы 1,6 келіден аспайтын шағын ойын ноутбугын құрап шыққан екен. Корпусы берік металдан жасалыпты.

«Жыртқыш» процессор

Процессор – аса маңызды дүние. Ол жұмыс өнімділігіне тікелей әсер етеді. Бұл тұрғыдан ASUS ROG Zephyrus G14 көңілден шығары анық. Бизнес стиліндегі 14 дюйм ноутбуктың ішінде нағыз “жыртқыш өмір сүреді”. 7 нанометрлік, 8 ядролы, 16 ағынды AMD Ryzen 7 процессорын басқаша атауға келмейді. Ал максимал нұсқасында AMD Ryzen 9 процессоры тұр. Қалай болған да аппараттың өнімділігі аса жоғары болмақ.

Zephyrus G14 өнімділігі қандай екенін тексеру және осы санаттағы ұқсас «бәсекелестерімен» салыстыру үшін PCMark 10 атты дербес компьютерді тестілеуге арналған, UL мамандары әзірлеген кешенді пакетті қолдандық. Бұл бағдарлама компьютер өнімділігі мен контент құру бойынша түрлі жұмыс процестерінің шын моделін жасайды. Мәтін өңдеу, электронды кестелерді қолдану, веб-парақшалар қарау және видеоконференция ұйымдастыру секілді офис бағдарламалары жұмыс істеп тұрғанда жүйенің жалпы өнімділігі қандай екен деп баға бердік.

 

 

Өнімділікті тексеруте арналған тағы бір құрал — Maxon ұсынатын Cinebench R15  тесті. Ол қолданыстағы барлық ядро мен процессор ағынын бөлістіреді. Күрделі бейнелерді рендерлеу үшін Cinebench графика процессорын емес, орталық процессерге салмақ салады. Осының арқасында процессорды қарқынды қолдану кезінде компьютердің қандай деңгейде жұмыс істей алатынын бағалай алдық. Нәтижесі алдарыңызда.

 

 

Ноутбуктегі графикаға жауапты Nvidia GeForce RTX 2060 Max-Q видеокартасы қанық та анық суреттің иесі болудың кепілі атаныпты. Ойын ойнағанда, басқа да күрделі жұмыстарды атқарғанда  аппарат жылдам істейді. Содан болар геймерлер бір қарағанда ықшам келген, алайда бойына үлкен қуат жасырған бұл ноутбукты “қой терісін жамылған қасқырға” балайды.

Оның 3DMark арқылы білдік. Бұл бағдарлама салыстырмалы түрде графика қуатын өлшеп берді. Ол үшін сапасы жоғары 3D-графика реттілігін ойын стилінде рендерлейді және файлдың бөлшектері мен ашықтығына баса мән береді.

 

 

ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Корпустағы AniMe Matrix жарығы

Геймерлердің “жүрегін жаулайтын” тұсы – диагонал бойынша корпусының жартысын алып тұрған AniMe Matrix матрицалы жарығы. Ноутбуктың жоғарғы панелі көлденеңінен екіге бөлінген. Бір жартысында, перфорация астында 1215 жарық диоды бар. Осы жерге қалаған суретіңізді шығарып қоюға болады. Мысалы, әлдебір мәтін, анимациялық сурет немесе уақыт, батарея қуаты белгілерін, я поштаға хат келгені жөніндегі хабарламаны көрсетіп тұра алады. Әр диодтың 256 деңгейлі жарығы бар.

Жалпы, Zephyrus G14 ноутбуктерінің екі нұсқасы бар: бірі металл сұр, екіншісі інжудей ақ түсті. Магнийден жасалған үстіңгі панелі кір көтереді. Қақпағы алюминийден жасалған, қосымша матрицалық дисплейі бар нұсқада 6536 ұсақ тесік бар. Ноутбуктың қақпағы ашылғанда астыңғы бөлігі көтеріледі. Вентиляциясы жақсы ойластырылған.

ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы

WQHD дисплей

Ноутбук дисплейінің екі нұсқасы бар. Екеуі де түстерді шығаруға арналған Pantone Validated сертификатымен расталған. Бейнені аса сапалы көрсете алатын WQHD дисплейі шығармашылық жұмыс үшін өте ыңғайлы. Ал ойын ойнаймен десеңіз, киберспортқа арналған, жаңарту жылдамдығы 120 Гц деңгейіндегі Full HD дисплейі бар конфигурацияны таңдай аласыз. Adaptive Sync технологиясы экран суретін GPU кадр жиілігімен синхрондап, ойын суретін біркелкі етеді, жағымсыз визуал артефактілерден арылтады.

ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Dolby Atmos технологиясындағы төрт динамик

Ноутбуктың аудиожүйесі Dolby Atmos технологиясы бар төрт динамиктен тұрады. Оның екеуі 2,5 Вт (Smart AMP), екеуі 0,7 Вт көлемінде. Фильм көремін десеңіз де, ойын ойнаймын десеңіз де, сапалы дыбыспен қамтамасыз етілеріңіз анық.

ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Саусақ ізімен орындалатын функция

Көлемі жағынан ықшам болғанына қарамастан, Zephyrus G14-тің пернетақтасы толық функционал келген және аса ыңғайлы. Дыбыс деңгейін жылдам реттеуге, дыбысты өшіруге және ROG Armory Crate қосымшасын іске қосуға арналған жылдам клавиштері бар.  Бұл – ROG сериясындағы қуат түймесіне саусақ ізінің сканері орнатылған алғашқы модель. Енді ноутбуктың құлпын ашу кәдімгі смартфонның паролін ашқандай оңай. Клавиштер Overstroke технологиясының арқасында жылдамырақ жұмыс істейді.

ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы

8 сағатқа дейін жететін қуат

Ноутбук көлемінің шағын болуы, сондай-ақ өнімділік компоненттерінің орнатылғаны ASUS инженерлері үшін «процессор мен видеокартадан шығатын жылуды қайда апарамыз, қалай таратамыз?» деген күрделі мәселе тудырды. Мұны шешу үшін конструкторлар бес жылу түтікшесін, төрт радиаторды және екі тангенциал желдеткішті қолданыпты.

Asus ROG Zephyrus

Ойын ноутбуктары көбіне мобайл бола бермейді. Бірақ ROG Zephyrus G14-тің жағдайы басқа. AMD Ryzen 7 процессоры энергияны үнемдейді. Батарея ұзақ қызмет ету қабілетіне ие: жәй интернетте отырсаңыз, экран жарығын ең жоғары баптауға қойып, 8 сағатқа дейін ноутбукты пайдалана аласыз. Ал ойын режимінде кемінде 1,5 сағат қуаттамай қолдануға болады.

Ауа вентиляторға төменгі желдеткіш тесіктері арқылы түседі де, радиатормен кері қайтарылады. Радиаторлар аса жұқа (0,15 мм) 209 пластинадан жасалған. Олардың жалпы аумағы 68 868 мм²-қа тең. Вентиляторларда сұйықкристалды полимерден жасалған және басқа қалақшалардан 33%-ға қалың келетін n-Blade тік қалақшалары тұр. Көлемінің арқасында n-Blade қалақшасы компьютерге қанша салмақ түссе де, жұмысын жалғастыра алады.

Armoury Crate қосымшасының көмегімен ноутбуктегі Turbo, Performance және Silent деп аталатын үш режимнің біреуін іске қосуға болады.

Ноутбукте сыйымдылығы 76 Вт·с (4800 мА·с) болатын литий-полимер аккумулятор тұр. Оны 4%-тен 99%-ке дейін толық қуаттау үшін шамамен 1 сағат 59 минут қажет.

Дарын Шөкенов

Inspired Cinema директоры. Фотограф, Видеограф

ASUS ROG Zephyrus G14-пен ойын ойнау, фото, видео өңдеуде өте ыңғайлы таптырмас құрал.

ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ноутбук сипаттамасы жағынан өте мықты. Фотоны өңдегенде ешқандай проблемасыз орындайды. Видеомонтаж жасағанда да жылдам жұмыс істейді. Замануи ойындардың кез келгенін жоғары баптауда көтере алады. Экранының дюмі кішкентай, бұл менің жеке талабыма келмейді. Өйткені мен үлкен экранда ойнап, жұмыс істеп үйреніп қалғанмын. Ерғали деген әріптесім бар. Ол осындай экрандағы ноутбукты пайдаланады, оған бұндай өлшем ыңғайлы. Бірақ техниканың сипаттамасы жағынан міні жоқ. Түстерді де қанық береді. Бұл — фото-видеоны өңдегенде қажет ең маңызды фактордың бірі. ROG Zephyrus G14-пен кез келген күрделі материалдармен ешқандай қиындықсыз жұмыс істеуге болады. Кофеханаларға, басқа да орындарға апарып, монтаж жасағанға рахат. Қосымша шығармашылық шабыт сыйлайды.

ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ASUS ROG Zephyrus G14 Фото: Бақдәулет Әбдуалы

 

 

НОУТБУККЕ ШОЛУ ASUS ҚОЛДАУЫМЕН ЖАСАЛҒАН