Қызылорда облысында емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр

Емханаға тіркелудің бірнеше жолы бар. Еgov.kz веб-порталы арқылы және тікелей емханаға барып тіркелуге болады. Тек жеке басын куәландыратын құжатты болуы қажет.

Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерде таңдау ұсынылады. Бұл жағдайда, қажет болғанда, емхана дәрігерлері пациенттердің үйіне бара алады. Бұл әсіресе пандемия кезінде өте маңызды. Тіркеу кезінде ата-анасы да, балалары да бір емханаға баратындай отбасылық қызмет көрсету принципіне басымдық беріледі. 18 жасқа толмаған балаларды олардың заңды өкілдері тіркеуге құқылы. Егер БМСК ұйымында тіркелген адамдар шамадан тыс көп болса, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен қызмет көрсету аймақтан тыс жерде тұратын азаматқа бұл емханаға тіркелуге бас тартылуы мүмкін. Қолданыстағы нормативтер бойынша жалпы практик дәрігердің учаскесінде 1700 пациенттен артық болмауы тиіс, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Жылдың соңына дейін емхананы тұрғындар бірнеше жағдайда ауыстыра алады. Біріншіден, адамның тұрғылықты жері бір айдан астам уақытқа өзгерсе, екіншіден, емханада қайта ұйымдастыру болса және ол Қордың қызмет жеткізушілері қатарынан шығып кетсе, тіркеуді ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұған қоса, еліміздің кез келген азаматтың жылына бір рет тұрғылықты жері аймағы бойынша емхананы ауыстыруға құқығы бар.