Басты бетЖаңалықтарЖер кодексіне...

Жер кодексіне қатысты мораторий 2021 жылға дейін ұзартылды

Заң жобасын депутаттарға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов таныстырды.

«Сіздердің талқылауларыңызға ұсынылып отырған заң жобасы Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 18 тамызында қабылдаған Жарлығына сәйкес енгізіліп отыр. Ондағы мақсат кезінде Жер реформасына байланысты қабылданған кейбір шешімдер қоғамның наразылығын тудыруына байланысты және одан туындаған проблемаларды қорытындылай келе, мораторий жарияланды. Осы жылдың 30-шы маусымында тиісті заң қабылданды. Сол заңда мораторийдің мерзімі келер жылдың 31-ші желтоқсанына дейін белгіленген», — деді басшы.

Асқар Мырзахметовтың айтуынша, жер комиссиясында бұл мәселелер жіті қаралғандығын айтты.

«Жер мәселесіне қатысты проблемаларды Жер комиссиясы қараған кезде комиссиясының шешіміне сәйкес осы мәселелерді жүйелі түрде шешу қаралған. Осыған сәйкес бірінші кезекте ауыл шаруашылығы жерлерінің деректі қорын жасау қажеттігін, қолданыстағы нормаларға өзгерістер енгізу керектігі, ауыл шаруашылық жерлерінің кадастрлық құнын қайтадан қалыптастыру қажеттігі айтылған. Осыған сәйкес Жер комиссиясы Елбасыға ұсыныспен шықты. Ол ҚР Президенті тарапынан қолдау тапты», — деді министр.

Премьер-министр орынбасарының таныстыруынан кейін ҚР Парламеті Мәжісілінің жалпы отырысында депутаттар заң жобасына дауыс беріп, маңызды заңды мақұлдады.