Басты бет Мәдениет Данэлия Төлешова America’s Got Talent финалында өнер көрсетті

Данэлия Төлешова America’s Got Talent финалында өнер көрсетті

Енді финалда өнер көрсеткен қатысушыларға тәулік бойы дауыс береді және нәтижесі ертең жарияланады.

Данэлия Төлешова. Фото: America's Got Talent

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті.

Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, шоудың финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілген. Қазақстандық әншінің видеосы шоудың YouTube-каналында және Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Данэлия Төлешова австралиялық әнші Sia-ның Alive әніне кавер орындады.

Бұл күрделі композиция, бірақ уақыт аз болса да, соны таңдадық. Қолдау көрсетіп, жазып жатқандарға рақмет, бұл — өте маңызды, — деді Данэлия Төлешова.

Финалға 10 артист қатысты, оның алтауы — түрлі жастағы әншілер.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=22&v=xp91hFrmvP4&feature=emb_title

Еске салайық, шоудың өткен кезеңінде Данэлия Төлешова тәулік ішінде көрермендер көп дауыс берген фавориттердің қатарында болды.

Exit mobile version