Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, America’s Got Talent шоуының 15-маусымының финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.
Осы уақыт бойы мені қолдап жатқандардың барлығына рақмет. Бұл шешуші апта болады, көп жұмыс істеу керек, қатты тырысамын, — деді Данэлия.
Әншінің қандай ән орындайтыны әзірше белгісіз.
https://www.youtube.com/watch?v=Bl8f-AIaRBQ&feature=emb_title
Мұның алдында Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында өнер көрсеткені хабарланған еді. Ол жартылай финалда Jessie J-дің Who you are әнін орындады.