Басты бетҚоғамҚазақстан азаматтары...

Қазақстан азаматтары биыл не нәрсеге ақша жұмсады?

Министрдің мәліметінше, Қазақстанда 18,7 миллион тұтынушы бар. Олар күн сайын 6 миллионнан астам тауар мен қызметті сатып алады.

Биыл қазақстандық тұтынушылар бөлшек сауда желісі арқылы 6,8 триллион теңге тауар сатып алса, қызметтерді 4 триллион теңгеге қабылдады, — деді Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, сауданың негізгі үлесі тамақ өнімдеріне, дәрі-дәрмекке, тұрмыс заттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүлік операцияларына, демалыс қызметтеріне тиесілі.