Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегінің мерзімі анықталды

Кәсіби боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 2017 жылдың 18-ші наурызында өтеді.

Оның қарсыласы американдық Дэниэл Джейкобс болуы мүмкін.

Нью-Йорктегі атақты «Мэдисон Сквер Гарден» алаңында өтетін үлкен бокс кешінің басты ойыны әйелдер арасындағы жекпе-жек, яғни Кэти Тэйлор мен Карина Копинсканың боксы болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы соңғы рет 11 қыркүйекте Келл Брукпен кездесу өткізген болатын

ДереккөзSports.kz