Басты бет Жаңалықтар Депутаттар Астана қаласына Назарбаевтың есімін беруді ұсынды

Депутаттар Астана қаласына Назарбаевтың есімін беруді ұсынды

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаралып жатқан «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы» жобасында Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсету ұсынылған.

Бұл туралы жобаны таныстырған Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгі болуы тиіс. Жоғарыда жарияланғандарды ескере отырып, елордада Тәуелсіз Қазақстан монументін тұрғызу қажет. Ел Конституциясында Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей еңбегін атап өтуді, Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсетуді ұсынамыз», — деді Сұлтанов.

Оның атап өтуінше, біздің тұтас мақсатымыз — Елбасы төңірегіне топтасып, ең қымбат қазынамыз — Тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, жаңа  ұрпақтарымызға аманаттап, мәңгілік ел құндылықтарын қастерлеу.

«Тәуелсіздік біздің ең басты ұйыстырушы құндылығымыз болған, қазір де солай және болашақта да бола бермек», — деді депутат.

57 пікір

    • қазақша жазған болсаңыз өте жақсы, жарасымды болар еді.

  1. Неге Петропавлды өзгертпейсіздер? Астананың өзінің әдемі аты бар ғой. Қызылжар әдемі есім керек болса сол қаланың көшелеріне қазақша атау бере алмай жатыр. Соған атсалысып қазақша атау бересіңіздер дұрыс болар еді.

  2. Албасты ұялшайшы көтен жалай бермей,ешқандайда адамдық қасиетің қалмаған екен.Осы жерді сатамыз шет елге жалға береміз дегенде алдыңа жан салмай,журналистерден қашып сұрақтарына жауап бермей ат тоныңды ала қашқаныңды ұмытып кеттіңба, өтірік ел,жер,Қазақстан деп қалай сөйлеп отырсың бетің былш етпей.О дүниеде алла жазаңды бергір.

  3. Газет журналдарда Нұрсұлтан қаласы атымен,əжетханада жатса ыңгайсыз болмаймекен…

    Бастарыңды жасатсаңдаршы депутат мырзалар!!!

  4. Не үшін біреулердің аттарын беріп, сөзді ұзарта береді? Не нұрсұлтан десе қыста қар жаумай қала ма екен? Әлде ЭКСПО ғимараты өздігінен оңшалып қала ма екен.

  5. Президентіміз тірі емес пе, көзі тірісінде құрмет көрсетейік десеніздер, басқа да дүниелер жетеді ғой — халыққа адал қызмет атқарыңыздар, ал енді тіпті болмай жатса сіз өлген соң атыңызды Астанаға береміз деп ант су ішіңіздер…

  6. Мемлекет озi алдына куады карапайым халыктын жыртысын жыртканша?!
    Сенген койым сен болсан……

  7. Бұл мәжілісте МӘҢГІЛІККЕ орын алған депудаттарының айтарға басқа әңгімесі жоқ шығар.
    Жағымпаздықпа, әлде айттырушылар барма екен ?

  8. Нестерин билмей отырган адамдаргой.кара халыктын камын ойламай, отырып алып оздерин ойлап бара жатыргой.отырып алып ауызбен жумыс истеген жаксыгойй

  9. Ай жағымпаздар. Елбасыға Алла қуат берсін, ол кісінің ел үшін атқарған еңбегі өте үлкен, бірақ сол Елбасының еңбегін еш қылып жүрген осы СҰЛТАНОВ сияқты жағымпаз шенеуніктер ғой. Елге жасаған бір тиын да пайдасы жоқ, тек жағымпазданып жасап жүргендер. АСТАНА өте әдемі жарасып тұр. АУЫСТЫРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

  10. Олай ету керек емес. Ескерткішінің басына боқ жағып мазақ қылатындар шығады ондайда.

  11. Осы Тәуелсіз 25 жылда Елбасының елі үшін жасаған еңбегінің еленуі, Қазақстанды аяқққа тұрғызып, әлемге атын шығарған адамға деген құрмет деп білем. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген осындайда айтылады меніңше. Еңбегі еленіп жатқанда тұрған не бар? Және бұл тек ұсыныс екенін ұмытпау керек. Соңғы сөзді Елбасы өзі айтады.

  12. Мен осындай жағымпаздардың өз үй-ішінде ұялмай,»мен отағасымын,мен еркекпін»-деп,қалай жүретініне таң қаламын.Бала-шаға,немерелерінің бетіне қалай қарайды екен.

  13. тарихта атыонсыз да қалады, енді бұл артық тарихта аты қалған, өлгеніне 1 ғасыр өтпей сүйегі шірімеген Ленин, Сталиннің Ленинград, Сталинградтарын біз болғанын білеміз сол секілді болады да қалады келесі ұрпаққа ,,,,,,,

  14. Депутаттардың мыйлары ісіп кеткенғой. Олар не шегіп жұр өзі. Намыстары депутат болам дегенше таусылып қалған шығар. Халықтан сұрауды тағыда ұмыттыңдар. Ұят бүкіл əлемге ұят. Африкадағы жабайы тайпаларда мұндай масқара болмаған шығар.

  15. быздын мемлекетымызды курудагы енбегы деген жерын тусынбедым сонда оган дейн быздын мемлекет болмадыма. ел басынын емес халыктын камын ойласа жаксы болар еды

  16. Астана қаласына »Нұрсұлтан’ не »Назарбаев »атауын беру жағымпаздықтың шыңы деп ойлаймын. Оны болашақ ұрпақтың еншісіне қалдыру керек. Бүгін »Нұрсұлтан»-деп алып, болашақта атауын тартып алып жатса масқара емеспе?(мысалы:Ленин сияқты)

    • депутаттардың бұдан басқа жұмысы жоқ па, одан да қара халықтың қамын ойласа, сендерді кімдер сайлады «жағымпаздар» өңшең бүкіл әлем күлер.

  17. Астана атын өзгерту керек болса Ақмола атын қайтадан қойсын. Нұрсұлтан деп қойып алжып отыр ма осы депутаттар. Отырған креслоларын босатсын, мынадай мəжіліс пен сенатты тарату керек.

    • Құрметті Қазақстандықтар 25 жыл ішінде болған жетістіктерді неге айтпайсыздар?Осы күнімізге ге Аллаға шүкір дейік,басқа көрші мемлекеттерді көріп отырсыздар қандай жағдайда екенін.Астананы өзгертсе депутаттар қашан халықтан сұрап еді?

  18. Нұрсұлтан есімін Петропавлға бергені дұрыс. Ал, Назарбаев есімін Павлодарға берсек жөн болады. Сонда ешкімге де обида жоқ болады.
    Астанаға мүлдем тиіспеуіміз керек. Бүгін Нұрсұлтан деп өзгертсек, ертең келер президент өз атын қоямайтынына кім кепіл. Бір президенттің кезінде үш рет ауысты. Ер кезегі үш рет деген бар. 25 жылда үш рет ауыстырсақ, 1 ғасырда нешірет ауыстармыз. Ақылға сыймайды.

  19. Тарихта қала есіміне қатысты Кісі фамилиясы мен есімі берілуші еді. Бізде бәрі керісінше.

  20. Халық таңдаған ?қайдағы жоқты да халыққа жабады.халықтан енді сұрап жатырсыздар ғой.Ақша көп жұмсайтын жер жоқ болса ауру баларға. Бітпей тұрған ЭКСПО ға , газ , су , светсіз отырған қаншама ауылдар бар неге соларға жұмсамайсыздар , болмайтынға шашқанша

  21. Не ушін?тек нурсултанғанама елге басшы боп отырған..қайсы мемлекетте сондай бар..көршы кытай елінде астанасы сол баяғы пекин..(бижиң)..капыр болсада кытайлар мықты екен..халықты шын қолдайды…кытайдың алғашқы призденті маузудің кытайды азат еткен тауелсіздік апрген..бырақ ол олай істеген жоқ..мəлім қаланы өз атына көрсеткен жоқ..тек валютасы юанның бетінде бас суреті бар ..ол маузудуң өлген сөң ғана 30жылдан соң шықты..қурметты ел басы бұл енды артық..өзіңізді емес қазақтың қамын жеңыз..Алладан улкен саупа болады..қазақтар қазақстанда квартирада қаңғып жур ..біз кедейліктен əлі бас көтере алмай отырсақ…сізді неге артық силаймыз..олай болмайды..қарсымын…

  22. Осындай миға симайтын ойды кым ортаға қояды.сол қолынан тук келмейтын быр депутат шығар..керемет ой ортаға қойғандай боп..тапқан ақылы солма..ондай ойсыздар мемлекет ісін атқаруға қақы жоқ..халққа пайдалы нəрсе неге айтпайсыздар..нурсултан халыққа я еңбек сіңірді .бəріміз білеміз..көршылеріміз кулер қазақтар ақмақ деп..Астана ол Астана болмаса Ақ мола өз аты жарасып тур..кытайда заң өзгермейды неше жыл болсада ..олар сондай адал алдыңғы басшының айтқанына ал қазақстанда нене кунде өзгере береды..

  23. Солтүстікте қаншама қанішер орыстардың есімімен көше, ауылдардың аты бар. Неге соған жандары ашып бастары ауырмайды екен? Нұрланып болдық қой егер шыныменде қазақ халқым нұрланса қарсы емес едім.

  24. Бұл масқара! Жағымпаздық! Мына депутаттардың бізді (халықты) сылтауратып ұялмай беттері бүлк етпей халықтың қалауы дегенінен,елдің бұларға деген сенімі,сыйластығы жойылды! Бүкіл Əлем күледі бұған! Жиіркенішті! Мен бұл кісіні халық қалаулысы, бір рулы елдің жөні дұрыс ақсақалы деп ойлап едім,ойым өзгерді,бұлар тəрбиелеген жастар ертең не болады! Мен бұлармен бірге табақтас болмас едім! Қалған депутаттар неге бір ауыз үндемейді! Бас кеспек болсада,тіл кеспек жоқ! Егерде орныңнан алып тастаса,орнынды босат,халық пен бірге бол! Сол орынға жабыспай! Елге пайдасы бар қызмет істе! Сонда ғана халық сенімен!

  25. Қазақстан тағыда әлемнің алдына күлкіге қалды? Ұят ел сенім артқан дипуттар халықпен ақылдаспай жалған сөйлеп халықтың қолдауы дер ел басымызға жағынудын амалын тауып тапкан айлалары ғо!! Астананы ел,әлем танып келе жатқанда сыйрақтан бұйрақ шығарғандарыңызға жөн болсын! Астана аты өзгертілсе мекемелер мен іс қағаздар т.б өзгерту үшін көп қаражат кетеді,ол қаражатты далаға шашканша елде шешімін таппай жаткан мәселелерге жұмсаса дұрыс болар еді!!Ел басы Астананын атын өзгертпеседе тарихта қалатыны айдан анық!! Бұл дипуттардың ісі М.Шахановтың ТЖ атты туындысына дәлме дәл келіп тұр!! Әлем алдына ,халықтың алдына маскара болмайық!!Әлемде приздентінің есімі қойылган астаналар жоқ!!Бұл істеріңіз ешкімге үлгі болмайды!! керсінше күлкілі болып ,қазақ халқына жағымпаздық пен бойында ар намысы жоқ,бишара халық болып көрінеміз!!!

  26. Басқа мəселе жоқ па айналайын депутат — ….лизалар!!! Басқа мəселелер құрып қалған ба? Əлде көр соқырсындар ма? Тек сол Астана деген қаланың аты ұнамай тұр ма сендерге? Сендер қандай жұмыс жасайсындар? Аш — жалаңаш, үй күйсіз, кіп кішкентай жалақыны не тамаққа не киімге не үйге жеткізе алмай, далада үй жалдап телміреп ел жағалап жүрген халқыңның жағдайын жасамайсындар ма? Көпбалалы аналарға үкімет емес , жомарт бизнесмен ағаларымыз қол ұшын беруде. Қара көз жетімдеріміз 18 жасқа толып, детдомнан босатылып, не басар тауы не барар жері жоқ болып күн көруде. Ал сендер нағыз шұғыл мəселені шешудің орнына бір аяғы көрдегі шалдың көңілін аулаумен əлексіндер… Мен түбегейлі Нұрсұлтан деп өзгертуге қарсымын. Бірақ кім оны елеп жатыр. Біздің елде шындық, өз ойын айтқандардың қай жерде жататындары белгілі….

  27. Елбасының: «Қазақтың тарихы өте бай. Біздің елдігіміз, қазақ жұртымыз арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады демеппе еді. Ендеше, ағайын «Алтын Орда» атауы лайық деп ойлаймын!

  28. Бетке ұстар халық қалаулыларының жеткен жері осы болса, қалғандарын айтпай-ақ қоюға болатыны өкінішті -ақ! Халықты пайдаланғандары қай сасқандары
    … .

  29. Сұлтанов, халықтың қамын бітіріп, жекеше банктерге мемлекеттің есебінен ақша бөлдіргенше Қазақстанның басқа мемлекетті байытып айналымында оффшорда жүрген ақшаларды қайтарып, светі суы жоқ, баспанасы жоқ, үйленейін десе қаражаты жұмысы жоқ, экологиялық апатқа жақын Алматының жағдайын айта берсең мəселе көп.Қанша жыл депутат болғанда бір оң ұсыныс жасадың ба?Онандағы халық бір орнында тапжылмай ауысымсыз отырған билік басындағыларға ренжулі, сондықтан мысал болып бəрімзде орнымызды кейінгілерге берейік десеңіз сізге ырзашылығымызды білдірер едік, мынауыңыз ұят екен, қазақстан кері кетіп африка мемлекеттерінің қауымына кіріп тұрған кезде.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version