Алматыда алаяқтық жасаған жеке оқу орталығының басшысы ұсталды

Алмалы аудандық Полиция басқармасы тергеу бөлімі алаяқтық бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Мұны жеке оқу орталығының басшысысының бірі жасаған.

Күдікті 1980 жылы туған Б. есімді азаматшаның алаяқтықпен айналысқанына бір жылдан асқан. Студенттерді шетелге жіберу үшін оқу орталығын ашып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ол шетелде оқығысы келетін талапкерлердің ата-аналарының қаражатын иемденген. Әйел ғаламторға шетелдік білім беру мекемелерінде оқытуды ұйымдастырудағы қызметтер туралы жарнамалар орналастырған. Алаяқтықтың тізбегі келесідей болып шықты: жаңа қатысушылардың  ата-аналарына шетелдік жоғары оқу орындарына түскендігі туралы мүлдем жоқ құжаттар беріледі. Кейіннен клиенттер сертификаттың шын екеніне күмәнданбай, күдіктінің есепшотына шұғыл түрде үлкен ақша аударады (оқу ақысы). Әрбір қылмыстық әрекеттен келтірілген материалдық шығын екі миллион теңге және одан жоғары. Қазіргі уақытта біздің бөлімге жеті адам жүгінді, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта Б.азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша сот тергеуі жүргізіліп жатыр. Полиция ұсталған адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен адамдарды келесі нөмірлерге хабарласуға шақырады: 8-708-707-92-02; 8-702-333-42-64; 8-705-711-13-71.