Әзірге сымсыз интернетке қосылуға арналған жабдықтар түрлі бағыттағы 450 автобус пен барлық қалалық троллейбусқа орнатылған. Қазан айының ортасына дейін 1000 автобусты интернет құрылғысымен жабдықтау жоспарда бар.

Коронавирус пандемиясы кезінде интернет желісінің өмірімізде маңызды екенін түсіндік. Оның арқасында біз білім аламыз, енді ол автобустарда да пайда болды. Шетелде кеңсеге жетпей-ақ жұмыс күнін қоғамдық көлікте отырып бастап кететін адамдарды көрдім. Мүмкін болашақта Алматыда да солай болады. Барлық қоғамдық көлікте интернетті тегін етуді жоспарлап отырмыз. Интернетке қосылу үшін бар болғаны EZ Wi-Fi желісін тауып, қосылу батырмасын басып пайдалана беруге болады, – дейді “EZ Wi-Fi” ЖШС басшысы Тимур Нұртаев.

Интернет “Алматыэлетротранс” автобустарында (№120, 67, 29), City-Bus компаниясының барлық автобусында (№18, 19, 98, 99) және Олжас LTD (№ 62, 104, 141) қоғамдық көліктерінде бар. Болашақта Wi-Fi қосылған автобустарға арнайы белгі ілінеді. Желіге әр 15 минут сайын қайта қосылып отыру керек екенін ескерген жөн. Жоба украиналық eWi-Fi компаниясының технологиясы бойынша іске қосылған. Ол екі қазақстандық оператор желісі арқылы жүзеге асырылады.