Олжас Ордабаевтың айтуынша, грант алмаған оқу орындары түлектерінің жұмысқа тұру көрсеткіші және «Атамекен» ҰКП рейтингіндегі позициясы бойынша іріктелген.
Бұл оқу орындарының жұмысына қатысты көп сұрақ бар, бірнеше қызықты фактіні келтірейін: Қазақстан инновациялар және телекоммуникация жүйелері университетінің күндізгі бөлімінде 1 528 адам оқып жатыр. 1-курста 3, 2-курста 6, 3-курста 5, 4-курста 1 513 студент! Бұл қалай болғаны? Орталық Азия университетін бітірген экономист түлектердің 30%-іне жетер-жетпесі жұмыс табады. Білім беру бағдарламаларының өзектігі 10%-тен төмен. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетте «Информатика» мамандығы бойынша бітірген түлектердің небары 29%-і жұмыс табады. Тағы 4 мамандық бойынша жұмыспен қамту 50%-ке де жетпейді, — деп жазды Олжас Ордабаев.
Ұлттық палата өкілі мұндай мысалдың көп екенін айтып, Білім және ғылым министрлігінің шешімі орынды екенін айтты.
Мемлекеттік грант бөлінбеген ЖОО тізімі:
1. «Астана» университеті;
2. Қазақстан теңіз универистеті (Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті);
3. Академик А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті;
4. Мардан Сапарбаев институты;
5. Silk way халықаралық университеті;
6. «Сырдария» университеті;
7. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті;
8. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты;
9. Еуразия технология университеті;
10. Каспий қоғамдық университеті;
11. «Қайнар» академиясы;
12. Инновациялық Еуразия университеті;
13. Еуразия гуманитарлық институты;
14. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы;
15. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы;
16. Орталық Азия университеті;
17. Орталық Қазақстан академиясы;
18. Қазақ технологиялыр және бизнес университеті;
19. Bolashaq академиясы;
20. Қазақстан инновациялық академиясы;
21. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті;
22. Академик Қаныш Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты;
23. Дінмұхамед Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы;
24. Болашақ Қызылорда университеті;
25. Баишев университеті;
26. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті;
27. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті;
28. Гуманитарлық-техникалық академия;
29. Алматы экономика және статистика академиясы;
30. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті;
31. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті;
32. Алматы университеті;
33. Қазақ медициалық үздіксіз білім беру университеті;
34. Қазақ-орыс халықаралық университеті;
35. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті;
36. Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті.