Tengri bank лицензиясынан айырылды

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тиісті қаулы 17 қыркүйекте шыққан.

Банк

  • ҚР заңнамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік 12 ай ішінде 3 және одан көп рет) бұзғаны үшін;
  • агенттік қолданған қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік 12 екі ай ішінде 3 және одан көп рет) орындамағаны үшін;
  • агенттіктің банктің меншікті капиталын ұлғайту мақсатында қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдау туралы талаптарын банктің банк холдингінің орындамағаны үшін лицензиясынан айырылған.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі салымшылардың, жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиті, төлем карточкаларындағы және банк шоттарындағы ақшасы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдігімен қорғалатынын хабарлады.

Өтемақы ұлттық валютада төленеді және оның сомасы:

— теңгедегі жинақ салымдары (депозиттер) бойынша 15 миллион теңгеден;
— ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша 10 миллион теңгеден;
— шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 миллион теңгеден аспауға тиіс.