Басты бетҚоғамЭкология министрі...

Экология министрі азаматтарды өз ауласын тазалауға үндеді

Министр Twitter-дегі парақшасында жыл сайын 19 қыркүйекте дүниежүзінде World cleanup Day акциясы өтетінін жазды.

Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Былтыр шара 169 елдің азаматтарын біріктірді. Барлық қазақстандықты сенбі күні осынау ауқымды шараға белсенді қатысуға шақырамын. Ел бойынша еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады. Өз аулаңызды, айналаңыздағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы акцияға сіз де үлес қоса аласыз, — деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.