Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев «Праймериз» жүйесінде авторизациядан өтті

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен танысу және дауыс беруге қатысу үшін «Праймериз» ақпарат жүйесінде авторизациядан өтті. Бәрі білетіндей, партиялар праймеризіне онлайен дауыс беру 1-2 қазан аралығында өтеді, — деп жазды Айдос Үкібай.

Айта кетейік, Nur Otan партиясының праймеризіне қатысушылардың үгіт-насихат кезеңі 8 қыркүйекте басталады. Республикалық партияішілік іріктеуге 11 мыңға жуық кандидат тіркелді.