«Қызылорда жылу электр орталығына» күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов баяндады.

Негізгі станциясындағы газотурбиналық қондырғылары, су жылытқыш қазандығы және турбиналық цехтың технологиялық құбырлары, оңтүстік қазандықтар жөндеуден өтіп жатыр. Сонымен бірге ұзындығы 15 шақырым болатын магистрал және кварталішілік жылу желілері жаңғыртылуда. Осы жаңғырту жұмыстары аяқталғанда жалпы жылу желілерінің тозу проценті 42%-тен 39%-ке дейін төмендейді, – деді Руслан Нұрмағанбетов.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалы – алдағы жылу беру маусымына дайындық жүргізу үшін 56 дана ГРП мен 242 дана ШРП-ға жөндеуден өткізді.

Басқарма басшысы коммуналдық қызметтердің тарифтері басқа аймақтармен салыстырғанда орташа деңгейде екенін айтты.