Басты бет Жаңалықтар Қатты аяздан «Бәйтерек» монументінің күмбезі шытынады (Видео)

Қатты аяздан «Бәйтерек» монументінің күмбезі шытынады (Видео)

Астанада қатты аяздан «Бәйтерек» монументінің күмбезінде жарықшақ пайда болған, деп хабарлайды today.kz

«Астана-Бәйтерек» ЖШС басшылығының мәліметінше, ғимаратта пайда болған жарықшақ адамдарға еш қауіп төндірмейді.

«Астана-Бәйтерек» монументінің күмбезі көп қабатты шыны пакеттерден тұрады. Оларды Италияда Sunglass компаниясы дайындайды. Температураның түсуі мен желдің күшеюінен кейбір шыны пакеттердің ішкі қабаты бұзылған. Тиісінше, пайда болған жарықшақ монументке келген қонақтарға ешқандай қауіп төндірмейді», — деп сендірді ЖШС директоры Мұрат Сапарғалиев.

Сапарғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда монументті күрделі жөндеуден өткізу бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт бекіту процедурасы жүріп жатыр. Зақымдалған шыны пакеттер жаңасына алмастырылады.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version