Тұрсұн Әкім Хазретәліұлы 1984 жылы 3 сәуірде Қызылорда облысында дүниеге келген.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін дәрігер мамандығы бойынша оқып, Қоғамдық денсаулық магистрі атанды.

Алатау ауданында:

2004 жылдан мейіргер ОҚКА,

2010-2015 жылдары №21 ҚЕ бас дәрігерінің орынбасары

2015-2016 жылдары сайлауда №34 сайлау учаскесінің төрағасы.

2019 жылы президент сайлауында Аманат платформасының республикалық Штабының 5 блок жетекшісі.

2020 жылы Алматы тоғызқұмалақ федерациясының президенті.

Serpin білім және инновация ұлттық палатасының директоры,

Qmed ұлттық инновациялық медицина палатасының президенті,

ЖШС АМС+ бас директор және бас дәрігер қызметін атқарып келеді.

Қызметінен бөлек әлеуметтік бағытта Bilge Халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының, Bilgen Academy мектеп балаларына арналған платформасының негізін қалап, Bilgen Халықаралық пәндік олимпиадалар мен қосымша курс жүйелерінің, Bilgen OySana, Bilgen Alippe кітаптарының авторы болып қосымша ұлттық мәдениетімізді, ауылдық жерлердегі оқушылардың білім деңгейін көтеруге үлес қосып келеді.

Еліміздің даму жолында Білім және ғылым министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, осы бағытта заң жобаларына ұсынысын білдіріп, тығыз жұмыс жасап келеді.

Денсаулық сақтау министрі мен Еңбек және әлеуметтік даму министрі және олардың міндетін атқарушының кей бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 226 бұйрығы, 6 тармағына:

«Денсаулық сақтау мамандарына қосымша және бейресми білім берудің тәртібі, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары, сонымен қатар денсаулық сақтау саласының мамандары қосымша және бейресми білім беру арқылы алған оқыту нәтижелерін тану ережелері уәкілетті органмен анықталады» деген заңына өзгеріс енгізуге қатысты.

Денсаулық сақтау кодексіне дәрігерлер статусы бойынша ұсыныстар жасады.

Жетістіктері:

Қызметінен бөлек әлеуметтік бағытта Bilge Халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының, Bilgen Academy мектеп балаларына арналған платформасының негізін қалап, Bilgen Халықаралық пәндік олимпиадалар мен қосымша курс жүйелерінің, Bilgen OySana, Bilgen Alippe кітаптарының авторы болып, ауыл оқушыларының білім деңгейін көтеруге үлес қосып әрі дәстүрлі мәдениетімізді дәріптеуге ат салысып жүр.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелер бағытында сұраныстарды қабылдау комиссиясының;

Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік гранттарды үйлестіру комиссиясының;

Білім және ғылым министрлігінде қосымша қаржыландыру бойынша комиссиясының;

Білім және ғылым министрлігінде электрон-цифрлық оқулықтар негіздемесі  комиссиясының мүшесі.

Елімізде аналогы жоқ, алғашқы оқулық авторлары және эксперттерді дайындау курстарының авторы.

Әрі қарай үміткердің ұсыныстары мен өз сөзін ұсынамыз.

Құрметті Алатау ауданының тұрғындары, жерлестер!

Өлкеміздің қай жерінде де тұрғындар өзін толғандырып жүрген ірілі-ұсақты барлық мәселесін әуелі өзі сайлаған депутаттарға айтып жатады. Өйткені депутат – халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат.

Бүгінгідей күрделі  кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін.

Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, еліміздегі білім, медицина, ІТ саласындағы өзекті мәселелердің оң шешімін табуға барымды саламын.

Ол үшін:

Денсаулық керек!

Білім керек!

Әділдік керек!

Үш керекке бірлік керек, С2Р – Қоғаммен серіктес бол!

«Бұл — білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты әуелі білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білім оны қажетке, тұрмыс игілігіне жарата алуымызбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай қиын, күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», — деп Елбасы атап өтті.

Сонымен қатар халықаралық тәжірибе «өмір бойы білім алу» қағидасы негізінде ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.

Бүгінде Қазақстан медицина қызметінің жаңа деңгейіне шығу қажет екенін көріп отыр. Аурудың алдын алу, диагностикалау мен емдеуден бастап жалпы ұлттық сауықтыру шараларына дейін әлі де өзгеріс керек.

Практикалық денсаулық сақтауға оңтайлы ұйымдық-әдістемелік формалар мен жаңа технологияларды енгізу, медицина мекемелері қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру, науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған емдеу және реабилитациялау кеңістігін ұйымдастыру және ең бастысы барлығын онлайн режимде оңтайлы әдістер арқылы пайдалану керек.

Осы процесстерді автоматтандыру жолын, ІТ саласын жетілдіру және оның қолданыстағы үздік техникаларын толық пайдалану — еліміздің дамуына үлес қосады.

Үздіктер қатарынан көрініп жүрген мемлекеттер инновация мен жаңа технологияны жолға қойған. Бүгінде цифрландыру әлемдік трендке айналды. Дамыған елдің барлығы цифрлық саясатты қолға алып, даму қарқынын арттыруға күш салып жатыр. Десе де, инновация мен технология тілін түсінетін, оны жүргізетін маман тапшы. Сол тапшылық IT-саласының дамуына кері әсерін тигізіп, цифрлық экономиканы жүргізуге, озық технологияның игілігін көруге кедергі келтіріп келеді. Қазақстан ішкі қажеттілік пен жаһан талабына байланысты ақпараттық технология мамандарын даярлауды мықтап қолға алды. 2017 жылы қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты бойынша IT-мамандарды даярлау міндеті жүктелді. Осыған орай кейінгі жылдары кадр мәселесін шешу жұмысы белсенді жүріп жатыр.

Осы салаларда жұмысты автоматтандыру үшін халық-бизнес-билік ортасында арнайы жүйе құру керек деп есептеймін.

С2Р (CITIZEN TO PARTNER) – жүйесі ұсынатын механизмдер: іс-қимыл-әсер-жариялылықты қамтамасыз етеді.

Ол келесі алгоритм бойынша іске асады:

С2Р эффектісін құру – жүйені түбегейлі өзгерту – тұрғындарды серіктеске айналдыру.

Сұраныс С2Р-ға келген сәттен келесі іс-қимылдар жүргізіледі:

Тұрғын өтініш қалдырады – С2Р жауапты органды анықтайды – Жауапты орган орындаушыны тағайындайды – Орындаушы өтінішті қарастырып – Тұрғын жұмысын бағалайды.

Қазір қоғам әлеуметтік мәселелерді анықтайды, ал биліктегілер оларды жеке шешеді. Алайда бизнес иелерінің мәселелерге қатысуы сирек кездеседі. Осыған байланысты бұл жүйенің мақсаты — қоғамның барлық мүшелерінің қарым-қатынасы үшін алаң құру, сонымен бірге оларды серіктестерге айналдыру. Қоғам бизнес иелерімен бірге әлеуметтік мәселелерді анықтайды, ал билік басындағылар қоғам және бизнес иелерімен бірге мәселелерді шешеді.

С2Р жұмысының нәтижесі:

Қоғамның қазіргі жағдайын бейнелеу;

Ұйым рейтингтерін шығару;

Тұрғындар мен бизнес өкілдерінің белсенділігін арттыру.

Білім саласын жетілдіру:

  • Еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – 3 ауысымды мектептер, оның шешімі ретінде мемлекеттік білім ошақтарымен қатар жеке балабақша, мектептер, колледждер мен университеттер санын көбейту;
  • Білім саласындағы жаңа бағдарламаларды ІТ шешімдерін пайдалана отырып, жаңа деңгейге шығару;

Медицина саласы:

— ауыл-аудандар халқын тәжірбиелі, көпсалалы клиникалар басқаруды ұсыну. Әрине, айтуға оңай көрінгенімен жасауға болатын дүние. АМӘК (пмсп) жан басына қаржыландыруға өткелі біразы осының аясында болады. Ал тұрғыны аз ауылдарды біріктіріп, әкімшілік басқаруындағыларды беру керек.

— телемедицинаны қолға алсақ, көп сұраққа жауап табылады, шешіледі.

— Бір сөзбен айтқанда медицинаны конкурентті ортаға беру керек.

ІТ саласы заман талабы:

  • Заман талабына сай халық пен кәсіп иелері де онлайн бағытты меңгеруге және пайдалануға тиіс. Бұл бағытта елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Осы орайда бағдарламаны одан әрі дамытуда салалық білім және медицина жүйесіндегі мәселелерді үшжақты қатысу арқылы (адам-бизнес-мемлекет) онлайн шешу;
  • «Бір тетік» жүйесін дамыту, яғни адамдардың аталмыш екі салада барлық мәселесін орталықтандырып шешу.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуде:

— Қай салада да жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру.

«Нұротандық» депутаттар алдағы бес жыл ішінде осы бес бағыт аясында облысымыздың өркендеуіне өзінің бұған дейін жинақтаған білім-тәжірибелерін, іскерлік қарым-қабілеттерін аянбай жұмсайды деп сенемін. Қымбатты жерлестер, өз таңдауыңызға дауыс беріңіздер!