«Коронавирусқа қарсы дезинфекция жасаушылар, тікұшақтар халықты улап жатыр» — ЖАЛҒАН

Бірнеше күн бұрын ережесіз жекпе-жек шебері, «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитов Instagram парақшасындағы 312 мың оқырманын коронавирусқа қарсы дезинфекциялап жүргендерді соққыға жығып, қала үстімен ұшып жүрген тікұшақтарды атып түсіруге шақырды.

Кеше адамдар тағы да дезинфекция жасай бастады. Халықты улап жатыр. Бұл адамдарды көрсеңіздер тепкінің астына алыңдар, таспен, таяқпен ұрыңдар. Халықты улауын доғарсын. Ал тозаң шашып жүрген тікұшақ көрсеңдер, автоматпен атып түсіріңдер. Бәрі соғыстағыдай: біреулерді тоқтатсақ, мың адамды құтқарамыз, – деді ол.

Осы жазбасы үшін Қуат Хамитов Алматы полиция департаментінде қылмыстық кодекстің 272 бабы, 3-тармағы бойынша тергеуге алынды. Қылмыстық іс дәлелденсе, ол 3 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеуден босаған соң Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі видеосын өшіріп, халықтан кешірім сұрап, ешкімді ұрудың қажеті жоқ екенін айтты. Дегенмен елдегі дезинфекторлардың коронавирус инфекциясымен күресіп жатқанына әлі де сенбейтінін жасырмады.

Жекпе-жек шебері дезинфекция қызметкерлерін ұрып-соғуға, тікұшақтарды құлатуға қатысты сөзін қайта алғанымен біраз адамға кері ой салып үлгерді.

Қуат Хамитовтен бөлек Say Mo лақап атымен белгілі әнші Мөлдір Есембек те «тікұшақ арқылы вирус шашып, халықты улап жатыр» деген мәлімдеме жасаған болатын. Оны Say Mo әлеуметтік желідегі оқыраманына жазған пікірінен байқауға болады.

сЭЙМО
Дереккөз: The-village.kz

Сондай-ақ бүгін сағат 23.00-ден 05.00-ке дейін тікұшақтар дезинфекцияға арналған дәрі-дәрмектерді шашады, терезелер мен балкондар жабық болуы керек, ал 23.00-ден кейін көшеге шығуға болмайды. Бұл туралы әскери бөлімнен хабарлады, — делінген хабарлама да Whatsapp желісінде тарап кетті.

Неге бұл ақпарат жалған?

Біріншіден, Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың жалған екенін 17 наурызда ресми түрде мәлімдеген болатын.

Екіншіден, Factchek.kz сайты «қала үстінен тікұшақпен дәрі немесе вирус шашады» делінген хабарламаның түрлі тілде Ресей, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Біріккен Араб Әмірлігі, Грузия, Перу елдерінде де тарағанын айтады. Алайда бұл мемлекеттердің басшылығы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Үшіншіден, Халықаралық тікұшақ қауымдастығының өкілі Дэн Свит қоғамның фэйк ақпаратқа сенуіне мына бір мэм себеп болуы мүмкін дейді.

тікұшақ
Фото: RadıoFreeKevın

Меніңше, бұл су шашып жатқан өрт сөндіру тікұшағына Lysol (дезинфекция арналған құрал — ред.) логотипін «жапсырып» жариялаған мемнен туған ақпарат сияқты, — деді Дэн Свит.

«5G желісі арқылы вирус таратып жатыр» — ЖАЛҒАН 

Алматыдағы «Сана» медицина орталығының төбесіне орнатылған антенадан «5G желісі арқылы вирус тарап, халыққа эксперимент жүргізіліп жатыр» деп айтылған видео WhatsApp желісі арқылы тарады.

Әнші Say Mo, блогер Малика Ибраими кезінде Қазақстанда 5G орнатуын күмәнді санап, ол арқылы вирус тарауы мүмкін деген ой тастады.

View this post on Instagram

Друзья, я не могу оставаться равнодушной к происходящему. Все мы задаемся одними вопросами, на которые нет ответов. Но если сидеть молча, то какой будет развязка всего этого ужаса, что творится в Казахстане. ⠀ Почему у людей после обработки зелёных насаждений, которую решили провести в пик заболевания верхних дыхательных путей, проявляются одни и те же симптомы? Почему гибнут мелкие животные на улицах после дезинфекции города? Почему все жалуются на вертолёты и неприятный запах? Почему все небо в химтрейлах, а официального ответа на все это власть так и не даёт уже 7-ой день… ⠀ Почему после выхода на карантин, целый месяц все было хорошо, а как появились химтрейлы и машины — весь Казахстан слёг буквально за 2 недели? Даже те,кто сидел дома и не был контактным? ⠀ Больницы не принимают людей,оставляя всех заниматься самолечением дома. Это ведь просто верная гибель для стариков… Половина задыхаются не чувствуя запаха и вкуса, другие покрылись красными пятнами, кто-то мучается головными болями и всё это так резко и в один момент. ⠀ Лекарств в аптеках нет, персонал не подготовлен. ⠀⠀ Почему нас сначала бесплатно оцифровал Китай,а теперь,пока был карантин и мы сидели дома,установили и запустили вышки 5G в двух самых крупных городах Алмате и Астане,не информируя об этом свой народ? ⠀ Почему антинародный кодекс с пунктами об обязательной вакцинацией и вывозе органов зарубеж принимается без ведома народа,пока люди сидели дома на карантине и впитывали каждодневные выпуски про коронавирус и смерть в СМИ? ⠀ Зачем нам ещё 2 телеканала и почему,когда вы всех опять хотите без денег позакрывать по домам из-за того,что «мы друг друга заразили,пока не соблюдали меры», вы планируете день столицы с Фейерверками на свежем воздухе, на который уйдут огромные суммы? ⠀ Что и кто делает с Казахстаном и что будет дальше? ⠀ Я приняла факт искусственно изменяемого мира, но я боюсь за здоровье , за здоровье своих родных и своих маленьких детей, потому что мы каждый день вдыхаем то, что распыляется в небе и о чем вы молчите, не реагируя ни на официальные запросы, ни на резонанс в сети. ⠀ Г-н Президент, дайте ответ своему народу @tokayev_online ⠀

A post shared by Ибраими Малика (@malika.mood) on

Неге бұл ақпарат жалған?

Дүнежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 5G мобайл желілері коронавирус инфекциясының таралуына әсер етпейтінін ресми мәлімдеген.

Вирустар радио сигналдары немесе жылжымалы толқын арқылы тарамайды. Пандемия 5G желісін қолданбайтын елдерде де таралып жатыр. COVID-19 ауа тамшыларымен, яғни науқастың тыныс жолдарынан шыққан тамшылар сау адамның тыныс жолдарына түскенде, мысалы, жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде жұғуы мүмкін. Сонымен бірге, адам инфекцияны қолын бетіне, көзіне, аузына немесе мұрнына тигізу кезінде жұқтыруы мүмкін, — деп ДДҰ-ның ресми сайтында.

Сонымен қатар Қазақстанда 5G мобайл желісі әлі іске қосылған жоқ. Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматыда арнайы экспримент жүргізілген.

«Міндетті вакцинация балалар чип енгізу үшін жасалады» — ЖАЛҒАН

Денсаулық сақтау министрлігінде міндетті вакцинация мәселесі талқыланғалы бері ол туралы көптеген жалған ақпарат желі де тарады. «All давай» тобының солисті Шоқан Маратұлы міндетті екпе арқылы балаларға чип енгізуі мүмкін деп есептеп, халықты вакцинацияға қарсы болуға үгіттеді.

Неге бұл ақпарат жалған?

Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева бұл ақпаратқа түсініктеме берді.

Вакцинацияны балаларға, оқушыларға чип енгізу үшін ойлап тапты деген ақпарат жалған. Ол туралы тарап жатқан видео мен хабарламалар ешқандай шындыққа жанаспайды. Адамдардан жалған мәлімет таратпауын сұраймыз, — деді брифингте.

Сонымен қатар, әнші Шоқан Маратұлы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекстің халыққа қарсы, фашистік заң екенін айтып, оның күшін жоюды талап етіп отыр.

View this post on Instagram

Я хочу рассказать вам о кодексе «о здоровье…», который недавно был принят. Это — САМЫЙ скандальный кодекс за ВСЮ историю страны. Кодекс, который вызвал большой общественный резонанс и даже получил среди народа такие названия, как:⠀ ❌ "антинародный"⠀ ❌ "фашисткий"⠀ ❌ "карательный"⠀ ❌ "вредительский"⠀ ❌ "античеловечный" и т.д.⠀ ⠀ Пункты кодекса и сопутствующего закона, которые особо напугали широкую общественность:⠀ ⠀ ✔1) Внедрили СЕКСУАЛЬНОЕ просвещение ДЕТЕЙ, без возрастных ограничений. (То есть, в некоторые школьные предметы, с начальных классов, могут добавить информацию о "сексуальном здоровье", на примере западного секспросвета)⠀ ⠀ ✔2) Выделили отдельную статью, дозволяющую СМЕНУ ПОЛА, в том числе для иностранцев. (Есть опасения, что это может способствовать развитию нетрадиционного секстуризма)⠀ ⠀ ✔3) ОТМЕНИЛИ уголовное НАКАЗАНИЕ за врачебную ошибку, которая причинила легкий и средний ВРЕД здоровью пациента. И усложнили процедуру заведения уголовного дела в случаях, если вред был тяжелым или привёл к смерти пациента❗⠀ ⠀ ✔4) ИСКЛЮЧИЛИ права пациента на ПОДДЕРЖКУ близких, а также представителей религиозных организаций. (То есть, родственникам, имамам и священникам могут запретить посещать больного❗)⠀ ⠀ ✔5) Оставили разрешение на клинические исследования на УЯЗВИМЫХ группах: беременных, детях, пенсионерах, недееспособных и т.д. (То есть, можно проводить испытания медицинских препаратов на людях в домах престарелых, на пациентах в психбольницах и сиротах в детских домах❗)⠀ ⠀ ✔6) Оставили презумпцию согласия на изъятие ОРГАНОВ у умерших, хотя народ был против! То есть, каждый человек автоматически может стать донором органов, если НЕ успел отказаться. (Нужно либо при жизни написать отказ, либо родственники должны выразить несогласие)⠀ ⠀ ✔7) Оставили разрешение на ВЫВОЗ органов наших граждан зарубеж под предлогом исследований. (Есть опасность криминализации данной сферы. Тем более сейчас, когда умерших от короновируса НЕ предоставляют для опознания и хоронят в закрытых гробах)⠀ ⠀ Продолжение в карусели ➡️⠀ ⠀ Полный текст кодекса здесь: ⠀ ⠀ https://online.zakon.kz/m/Document/?doc_id=34464437#sub_id=850000

A post shared by Солист группы Ал Давай!!! (@shokan_maratuly) on

Factchek.kz Шоқан Маратұлының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекс туралы жазған жазбасындағы фэйк ақпараттарға тоқталды. Редакциясының айтуынша, әншінің кәмелетке толмағандардың ата-аналарының келісімінсіз медицина қызметтерін алуына қатысты барлық мәлімдемесі манипуляция немесе шындыққа жанаспайды.

Әнші Дильназ Ахмадиева да дүниежүзіне коронавирустың жаппай таралуында саяси астар, діни мәселе, лаборатория эксперименттері болуы мүмкін екенін болжады. Бірақ әншінің бөліскен жазбалары — жалған.

Қазақстанда жалған ақпарат таратқан адамға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.