«Қазгидромет» мамандары 17-19 қыркүйек күндері ауа райына болжам жасады.
Апта соңында Қазақстанның ауа райына бұрынғыдай Кар теңізі аудандарынан келетін циклон әсер етеді.
Еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, солтүстікте, орталықта және шығыста екпіні күшті жел соғып, толассыз жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін, тек еліміздің батысында жауын-шашын жаумайды, — деп хабарлады синоптиктер.
Жұма күні Атлантика антициклоны басып кіреді. Қазақстанның көп өңірінде ауа райы жылы, құрғақ болады.