Қазақстандағы 25 ЖОО 60 лицензиясынан айырылды

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жоғары оқу орындары «Педагогикалық ғылымдар», «Өнер», «Гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техника ғылымдары», «Қызмет көрсету» және «Әлеуметтік жұмыс», «Әлеуметтік ғылымдар» бағыттары бойынша кадрлар дайындаған.

ЖОО норматив құқық актілерін сақтамаған. Олқылықтар талапкерлерді қабылдау, профессор-оқытушылар құрамының білігін арттыру, профессор-оқытушылар құрамын конкурс арқылы алмастыру, профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу және тағы басқалары бойынша табылған.

Президенттің тапсырмасы бойынша жұмысты екі бағытта жүргізіп жатырмыз. Біріншіден, әлсіз университеттерді толық жабу, екіншіден, бұл жағдайда университеттерді сапасы төмен, жабдықтары жетіспейтін және тағы басқа мамандықтары бойынша лицензиясынан айыру. Мысалы, базасы жоқ және маманды дайындау бойынша талапқа сай сапаны қамтамасыз ете алмайтын педагогикалық жоғары оқу орны инженерлерді оқытып шығарған кезде немесе техникалық университет музыканттарды дайындаған жағдайда. Иә, бұл — жоғары оқу орындары үшін өте ауыр процесс, жоғары оқу орындары қомақты кіріс пен студентті жоғалтады, бірақ біз үшін сапа маңызды» — деп түсіндірді Білім және ғылым вице-министр Мирас Дәуленов.