Шара барысында танымал археологтар, көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері «Археология және жазба деректер» жинағының тұсауын кесті.
«Алматыға нақты мың жыл,- деп біреулер хронологиялық дата жазып қалдырмаған. Оны тек мынау археологиялық заттарға байланыстырып айтамыз. Бұрыңғы «Горный гигант» елді мекенінен кездейсоқ табылған елді мекен болған, қоныс. Сол қоныстан табылған қыш ыдыстарға экспертиза жасадық. Соның нәтижесінде, Алматы қаласының жасы осыдан мың жылдан 30-40 жыл асатынын айта аламыз»-деді Ә. Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, Арнабай Нұржанов.
Тұсаукесер салтанаты барысында жәдігерлер мен қолөнер бұйымдары, фотосуреттер көрмелері ұйымдастырылды. Қаланың мыңжылдығын көне аспаптардың бірі Саз-сырнаймен байланыстырған жастар — өздері қолдан жасап әкелген аспаптарын халыққа паш етті.
Алматыны көркейту мақсатында мәдени-рухани шаралар жиі ұйымдастырылуда. Тарихи кітап та қаланың 1000 жылдық мерейтойы қарсаңында сый ретінде жарық көрді.