Басты бет / Жаңалықтар /
Әбдірахман Темірбек
Әбдірахман Темірбек. Фото жеке архивінен

Өлім аузынан қалған жас суретші Әбдірахман Темірбектің картиналары

Осыдан 12 жыл бұрынғы оқиға бір отбасының өмірін өзгертті. Анасы Айнұр Ысмағұлованың айтуынша, отбасы 2009 жылы Орал қаласында тұрған екен. Қазан айында үйге жаңадан газ кіргізеді. Жұмысшылар газдың қосулы тұрғанын айтуды ұмытып кеткен. Есік-терезе жабық. Көгілдір отынның иісін сезбеген.

646e1d694dfca5f9252b315cca919d74 Өлім аузынан қалған жас суретші Әбдірахман Темірбектің картиналары
Әбдірахман Темірбек. Фото жеке архивінен

Ол кезде Әбдірахман небәрі 2,5 жаста. Үйде тоғыз айлық балам бар, үшеуміз қалдық. Жолдасым жұмыста. Түс кезінде тамақ дайындау үшін асүйге кірдім. Әбдірахман жанымда жүрді.  Сіріңкені газ плитасына жақындатып, тұтатып қалғанымда алапат жарылыс болды. Қызыл жалыннан үйдің төбесі көтеріліп кетті. Сол күнгі оқиғаны еске алудың өзі ауыр. Дереу Әбдірахманды көтеріп, терезеден шықтым. Кіші балам басқа бөлмеде ұйықтап жатқан. Көршілер көмектесіп, терезені сындырып, іште қалған нәрестені құтқарды. Жан жақтан адамдар жиналып, жедел-жәрдем мен өрт сөндірушілерді шақырды, — дейді Айнұр.

Айнұрдың беті, арқасы, қолы күйген. Ұлының жарақаты ауыр болған: шашын, білегін, бетін от шарпыған. Ауруханада Әбдірахманға үшінші дәреже, Айнұрға бірінші дәрежелі күйік диагнозын қойған.

4f98d23b4454b83f7efe0c7aa21510b5 Өлім аузынан қалған жас суретші Әбдірахман Темірбектің картиналары
Әбдірахман Темірбек. Фото жеке архивінен

Ұлым балалар ауруханасында екі ай болды. 10 күн жансақтау бөлімінде жатты. Мен хирургияда бір жарым ай емделдім. Кейін Орал халқы көмектесіп, үйді екі айдың ішінде қайтадан тұрғызып берді. Жарақаттың орнының жазылуы қиын болды. Қазір бойы өскен сайын бетіндегі күйіктің орны тартылады. Соның кесірінен аузын толық аша алмайды. Тістері қисық өсіп жатыр.  Стоматологқа емделудің өзі қиын. Саусағын дұрыс бүге алмайды. Қолына қасық ұстап үйренудің өзіне ұзақ уақыт кетті. Елімізде алты рет операция жасалды. Бетіндегі тыртықтары жазылмай, қалыпты өмір сүруге кедергі болып тұр, — дейді ол.

268dbdf65d4cdcec00c85456bddd629d Өлім аузынан қалған жас суретші Әбдірахман Темірбектің картиналары
Әбдірахман Темірбектің салған суреті

Анасының айтуынша, қолының күйгеніне қарамастан Әбдірахман ес білгелі сурет салады. Сурет үйірмесіне барады. Сабақтан тыс уақытта жүзумен айналысады.

99ffc6a4cd2f6cf0d7d5769a0c5de456 Өлім аузынан қалған жас суретші Әбдірахман Темірбектің картиналары
Әбдірахман Темірбектің салған суреті

Балам сурет салған кезде бар қиындықты ұмытады. Суретті ерекше шабытпен салады. Оған мультфильм кейіпкерлеріне қарағанда, пейзаж  көбірек ұнайды. Әсіресе ғарыш тақырыбында сурет салғанды жақсы көреді. Шығармашылықпен айналысқалы ойы, арман-мақсаты айқындалды. Өмірге басқаша көзқараспен қарай бастады, — дейді анасы.

c12121c15c3c3227d8a4493e8b94aa7a Өлім аузынан қалған жас суретші Әбдірахман Темірбектің картиналары
Әбдірахман Темірбектің салған суреті
31180295fcadffa84b8b0c86f00cd5fe Өлім аузынан қалған жас суретші Әбдірахман Темірбектің картиналары
Әбдірахман Темірбектің салған суреті
5c6af5c50f80c5ec152ea1b5e6f85e70 Өлім аузынан қалған жас суретші Әбдірахман Темірбектің картиналары
Әбдірахман Темірбектің салған суреті

 Әбдірахман Темірбектің «Балерина», «Арман», «Париж», «Нәзіктік», «Ғарыш», «Үміт» атты картиналары әлеуметтік желілерде кеңінен танымал. Суреттеріне қызығып, сатып алушылар, тіпті жыл соңына дейін тапсырыс беріп қойғандар бар. Бүгінде Әбдірахманның еміне керек қаржының жартысы жиналыпты. Айнұрдың айтуынша, жиналған қаржы Германияда жасалатын операцияға жұмсалады.

e1a47d449289765b9fc0d49f55aa0197 Өлім аузынан қалған жас суретші Әбдірахман Темірбектің картиналары
Әбдірахман Темірбектің салған суреті

Баламның арманы өте көп. Өскенде танымал суретші, инженер болғысы келеді. Кореядағы клиникалар карантинге байланысты әлі қабылдамайтынын айтты. Жақында Германияның клиникасымен сөйлесіп, операция жасатуға, баланың терісін ауыстыруға мүмкіндік бар екенін білдік. Олар қаржы жиналса, шақырту жіберетіндерін айтты. Бұл операцияны Әбдірахман қатты күтіп жүр. Бетінің қалыпқа келетініне, қатарластарымен бірге емін-еркін ойнап жүретін күннің келеріне сенеді. Кез келген ата-ана үшін баласының бақытты өмір сүргенінен артық қуаныш жоқ. Біз де осы операцияға үміт артып отырмыз, — дейді Айнұр Ысмағұлова.

https://www.instagram.com/p/CE3Hnv8gyBi/?igshid=14n2plo6ulzk7

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok