Мұнай 11 жылда болмаған межеге арзандады

АҚШ-та өндірілетін WTI маркалы мұнай бағасы 34 доллар 74 центке дейін арзандады. Бұл — соңғы жеті жылдағы ең төменгі көрсеткіштен сәл ғана жоғары.

Мұнайдың кезекті рет арзандауына Солтүстік жартышарда ауа-райының салыстырмалы түрде жылы болып тұруынан жылыту үшін пайдаланылатын мұнайға деген сұраныстың азайғаны туралы мәлімет себеп болған.

Желтоқсанда Brent маркалы мұнайды өндіру көлемі рекордтық деңгейге жуықтап, ал оған деген сұраныс азайғандықтан ол 19 пайызға арзандаған. Сарапшылар келесі жылдан бастап Иранның нарыққа мұнай шығара бастауы, Ливияның мұнай экспортын арттыруы және АҚШ-та мұнай экспортына салынған тыйымның жойылуынан мұнай бағасы бұдан әрі арзандайды деп болжайды.

Дереккөзcentralasian.org