Алматының 1000 жылдығына арналған көрме өтті

Көрменің аясында ҚР Мемлекеттік орталық музейі ғимаратын сәулеттік жарықтандыру қосылды. Шараға арнайы келген ­қала әкімі Бауыржан ­Байбек жиналған ел-жұртты Алматы шаһарының 1000 жылдығымен құт­тықтады.

«Көрменің мақсаты – Алматының ежелгі, сонау – қола дәуірі, ерте темір, орта ғасырлар, XIX ғ. (Верный қ.) кезеңі мен бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу, даму, өркендеу жо­лын көрсету. Өткені мен бүгінгіні са­ралай отырып, көрерменнің бола­шақты бағамдауына жағдай жасау» дейді қала әкімі Бауыржан Байбек.

ҚР МОМ археология орталығының ғылыми қызметкері Нәбира Төрежанованың айтуы бойынша, көрмеге Алматы қаласы маңынан және Алматы облысынан табылған жәдігерлер қойылған. Қола дәуірінен бас­тап бүгінгі күнге дейінгі құнды артефактілер көрермен қауымға ұсы­ны­лып отыр. XIII ғасырда «Алмалы» деген арабша жазудағы сөзі бар теңге табылған. Ғалымдар мұны бүгінгі Алматы екендігін дәлелдеді. Көрмеде осы теңгенің суреті лед-экран арқылы көрсетіліп отырды.

Шара ­Алматының 1000 жылдық мерейтойы қарсаңында қаланың көне заманнан бүгінге дейінгі қалыптасу, дамуымен байланысты экономикалық, саяси және этномәдени үдерісіндегі тарихи мәнді оқиғаларды толық ашып көрсетуге бағытталған.