Білім министрі: ҰБТ-да жаттап алатын сұрақтар болмауы керек

Білім және ғылым министрі биылғы ҰБТ қорытындылары туралы Facebook-те пост жазды.

Асхат Аймағамбетовтің мәліметінше, биыл ҰБТ өткізу ережелерін бұзғаны немесе жұмысты нашар ұйымдастырғаны үшін комиссияның 20-дан астам мүшелері мен басшылары жазаланған.

Күн сайын ҰБТ пунктеріндегі комиссиялардың құрамына өзгертулер енгізуге, міндетіне немқұрайлы қарағандарды ауыстыруға немесе бұл жұмыстан шеттетуге тура келді. Бұған қоса, бірнеше пунктіде жаппай бұзушылықтардың ашық және өрескел болуына байланысты тестілеуді мүлдем тоқтатуға және басқа күндерге ауыстыруға мәжбүр болдық. Мұндай жағдай Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында кездесті. Дегенмен Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен Арнайы мониторинг тобындағы әріптестеріміздің белсенділігі мен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қажетті тәртіпті қамтамасыз ете алдық. Мұндай шешімдерді қабылдау оңай емес. Талапкерлердің әлі бала екенін түсінеміз, десе де олардың ережені сақтауға, өз күшіне ғана сенуге үйрету маңызды. Биылғы нәтижелер зор сенім ұялатады, келесі жылы бұл жағдай мүлдем басқаша болатынына сенімдімін., — деп жазды ол.

Білім және ғылым министрі енді ҰБТ прокторинг пен бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілген электрон форматқа өтетінін жазды.

Әріптестерімізбен тестілеуді өткізу рәсімін жетілдіру керек деген қорытындыға келдік. Цифрландыру дәуірінде комиссия құрамында бірнеше мың адамның болуын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге жұмсауға жол берілмеуі керек, оның үстіне мұның нәтижесі тиімсіз. Сондықтан бұл рәсім заманауи прокторинг пен бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілген электрон форматқа өтеді, — деді министр.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, ҰБТ сұрақтарының мазмұны әлі көңілден шықпайды. Өйткені олардың көпшілігі қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақтау үшін жасалған.

бірінші орынға сыни ойлау мен функционал сауаттылықты қоймаса, жаттанды ақпаратты автомат түрде айту арқылы оқу процесінің маңыздылығы жоғалады. Функционал сауаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келді. Енді алдымызда тест базасын SAT, PISA секілді тест үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр. Бұл — мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тесте жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек. ҰБТ-ны мектептегі қорытынды емтиханға және жоғары оқу орнына түсу емтиханына бөлгеннен кейін қажетті құзыреттіліктерді бағалау тәсілдерін өзгерту бойынша да мүмкіндік туды. Себебі ҰБТ мектепте алған білімін бағалау емес, жоғары оқу орнына түсерде өзі таңдаған мамандығы бойынша білім алуға деген дайындығын бағалау. Сауатты, әрі түсінікті сұрақтар. Бұл — алдағы уақытта атқаратын өте ауқымды әрі маңызды жұмыс. Аталған шараның барлығы алдын ала ғылыми деректердің негізінде сарапшылар мен педагогтардың талқылауы арқылы қабылданатыны сөзсіз. Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады, — деп қорытындылады министр.