Дания Әлтаева – 1,6 миллион жазылушысы бар фудблогер. Ол әр 2-3 күн сайын 1 минуттық видео-рецепт түсіріп, парақшасына салып тұрады. Дания түсірген видеоны қарап отырсаң, тамақ жасау өте оңай болып көрінеді. Дания аспаздық онлайн мастер-класс жүргізетін сайт ашқан. Онда әзірше тек торт пен тәтті пісіруді үйренуге болады. Әр тәттіні үйрететін видеоның өз бағасы бар. Мысалы, Нью-Йорк классикалық чизкейкі қалай жасалатынын көру үшін 2 940 теңге төлеуіңіз керек. Бұл – рецептілер емес, тәттіні қадам-қадаммен үйрететін видеосабақ. Видео авторы материал ұнамаса, 14 күн ішінде ешқандай сауал қоймай-ақ сатып алушының ақшасын қайтаратынына кепілдік береді.

View this post on Instagram

Сегодня на ужин у нас быстрая и простая паста в сливочно-мясном соусе 😋🍝 Готовить легко, быстро, а получается очень-очень вкуснои сытно😋 Ингредиенты: Помидоры – 4 шт Оливковое масло Соль, сушёный базилик и паприка Лук – 1 шт Чеснок – 2 зубчика Говяжий фарш – 400 г Томатная паста – 1 ст.л. Соль – 0,5 ч.л. Сливки – 250 мл Паста – 200 г Шпинат и пармезан по желанию Попробуйте приготовить и делитесь результатом🥰❤️ P.S. На странице @daniya_altcom вышел мой новый мастер-класс по приготовлению классического чизкейка "Нью-Йорк" 🤗

A post shared by 🍰 ПРОСТЫЕ РЕЦЕПТЫ ОТ ДАНИИ 🍛 (@daniya_alt) on

Оқырманын жаңа рецептімен жиі қуантып тұратын фудблогерлердің бірі – Әлия Орман. Аспаздың аккаунтына 316 мың қолданушы жазылған. Дания видеода өзі сөйлесе, Әлия фонға музыка қойып, видеодағыны мәтін арқылы түсіндіреді. Дәмді тамақ жасап, оны бөлісіп қана қоймай, асханасын балаларымен бірге қалай жинайтынын да видеоға түсіреді.

Оған қоса, Әлия тәтті мен ұн тағамдарын пісіргенде қандай құралдар қолданатынын айтып береді. Мысалы, тәтті пісіргенде ең бірінші керек зат таразы екенін айтады. Одан кейін миксер, блендер, тортқа крем жағатын қалақша, пластмассадан жасалған тостаған (фарфордан жасалған тостағаннан ыңғайлы дейді Әлия), өлшеуіш стақан немесе америкалық өлшеуіш қасықтар (таразы болмаған кезде), жаққыш, пісіруге арналған форма және тағы басқасы қажет. Айта кетейік, аспаз бір құралды ұзағынан қолданатынын және құрал-сайман брендіне аса мән бермеу керек екенін еске салады.

@ybt_cakes – 43 мыңға жуық жазылушысы бар парақша. Оны Павлодарда тұратын 18 жастағы Ержан Ербатыр жүргізеді. Оның тәтті пісіріп, тамақ жасап жүргеніне 4 жыл болған. Аспаз парақшасына тек рецептілер туралы айтатын видео ғана жүктеп қоймай, өзі туралы да айтып өтеді. Оған қоса, “Қыздар ғана тамақ жасай ала ма?”, “Емтиханға қалай дайындалу керек?”, “Фото-видеоны өңдейтін мобайл қолданбалар” сияқты тақырыптағы посттар жазады.

Бір жыл бұрын Ержан ағылшын компаниясымен келісімшартқа отырмақшы болды. Бірақ бұл келісімнен аспаздың өзі бас тартты. Жазда Ержан ағылшынның ірі компаниясына амбассадор болуға өтінім жібереді. Компания оған күзде жауап беріп, бренд-амбассадор болуға әбден лайық екенін айтып, қол қоюға келісімшарт жіберген. Бірақ Ержан ол кезде 11-сыныпта оқитын еді, алда Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр. Ата-анасымен ақылдасып, бұл жұмыс тестіге дайындалуға кедергі келтіретінін түсінеді. Дегенмен әлгі компания Ержанды студент атанған соң амбассадор бола алатынын айтқан.

View this post on Instagram

Красный Бархат Готовим? Ингредиенты для бисквита 20 см в диаметре: 🎂Яйца – 3 шт; 🎂Сахар – 265 г; 🎂Кефир – 235 г; 🎂Сливочное масло – 110 г; 🎂Разрыхлитель – 5 г; 🎂Сода – 5 г; 🍨Какао – 8 г; 🎂Мука – 310 г; 🎂Краситель; Крем: 🎂Творожный сыр – 600 г; 🎂Сливки 33% – 300 г; 🎂Сахар – 150 г; Технология: 1. Яйца и сахар взбиваем до пышности; 2. Добавляем растопленное сливочное масло и снова взбиваем; 3. Кефир окрашиваем красителем, в другой миске смешайте муку, какао, разрыхлитель и соду; 4. В яичную массу вливаем окрашенный кефир, взбиваем пару минут. Всыпаем сухую смесь; 5. Готовое тесто на бисквит выливаем в форму и выпекаем при 160 градусах до сухой зубочистки, время будет зависеть от вашей духовки (начните от 30 минут); 6. Готовому бисквиту дайте остыть, заверните в пленку и уберите в холодильник на ночь. На следующий день разрежьте бисквит на 3 части; 7. Для крема взбейте сыр, сливки и сахар до однородности; 8. Этот торт можно сделать открытым, как в моем случае. Можно же затем покрыть торт обтяжкой; #рецептыybt#красныйбархат#красныйбархатрецепт#рецептарасныйбархат#рецептторт#рецептыторттов

A post shared by РЕЦЕПТЫ📝 ГЛАВНЫЙ ПО ТОРТАМ🔥 (@ybt_cakes) on

Басында аспаз болып жүріп, кейін фудблогерлікті де қолға алғандардың бірі – Әлихан Әбеков. Әлихан блогын 2019 жылдан бері жүргізіп келеді. Өзбекстан, Түркия, Қытай елдеріне сапарға шыққанда міндетті түрде жергілікті асханадан дәм татып, рецептісін біліп алуға тырысады екен. Елге келген соң сол тағамдарды жасап көреді. Аспаз тамақ жасап қана қоймай, түрлі коктейль, лимонад дайындауды үйреніп алған.

Кристина Русиновичті 2 миллион қолданушы фудблогер ретінде таниды. Аспаз тамақ, тіскебасар, торт, тәттіні жасаумен қоса, қандай ыдыстарды қолданбау керек екені туралы да кеңес береді. Оның айтуынша, жұмыртқа, пияз немесе алма кесетін ыдысты дүкеннен алып келген соң бір-ақ рет қолдануға жарайды. Өйткені ол өте ыңғайсыз. Авокадаға арналған пышақтың да қажеті жоқ екен. Себебі бұл жемісті кәдімгі асхана пышағымен аршыған ыңғайлы, болмаса кішкентай қасықты қолданса болады.

View this post on Instagram

РЕЦЕПТ ОБЛЕТЕЛ ВЕСЬ ИНТЕРНЕТ 😱 Горячие сосиски в Хрустящем Лаваше — за 5 минут🧨 Очень быстрый перекус! Такие сосиски можно подать к первым блюдам или просто приготовить родным, когда хочется чего-то вкусного!!! Смотрите видео со звуком🔊 ______________________ СОХРАНЯЙТЕ этот рецепт сразу в закладки🧨💣 и не забудьте поделиться с подружкой, ей это точно будет интересно!!!

A post shared by Кристина Русинович (@_kristina_russinovich_) on