Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылжымайтын мүлік және жер салығы бойынша алдағы төлемдер туралы «Салық әмияны» арқылы білуге болады.
Азаматтар «Салық әмияны» қызметінде салықтарға есептелген сомалар туралы ақпаратты көре алады.
Сіз бұл деректерді e-Salyk мобайл қосымшасындағы ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу бойынша ашық қызметін пайдалана отырып немесе сол мобайл қосымшадағы «Салық әмияны» қызметінің жеке кабинетіндегі «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімінде көре аласыз, — делінген хабарламада.
Сонымен бірге есептелген сомаларды екінші деңгейдегі банктердің, «Қазпошта» АҚ төлем карталары арқылы алдын ала толтырылған деректемелерді пайдалана отырып төлеуге болады.