Коронавирустың екінші толқыны болмай-ақ қойсын. Ондайдан Құдай сақтасын. Бірақ өткеннен сабақ алдық. Сол себепті алдағы қауіп-қатерге дайындық әлі де жүріп жатыр, — деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.
Бағдат Қожахметовтің айтуынша, Қазақстан медицинасы коронавирустың келесі толқынына тас-түйін дайын.
Дайындық 100%-ке жақындап қалды. Өкпені жасанды желдету аппараты, төсек орындар, бригадалар, ауруханалар, емханалар, дәрі-дәрмек қоры — барлығы дайын. Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта эпидемиология жағдайын болжаумен айналысып жатыр. Ең дәл болжамдар алдағы 2 аптаға ғана беріледі. Одан ұзақ уақытқа болжамдарды нақты беру мүмкін емес. Болжамдар маска тағатын адамдардың жалпы процентіне байланысты болып отыр. Біздің ойымызша, қараша, желтоқсан айларында ауру деңгейі өсуі мүмкін. Жедел респиратор вирус инфекциямен, тұмаумен қабаттасып кетуі мүмкін, — деді ведомствоның ресми өкілі.
Қазақстанда коронавирусты бүгінге дейін барлығы 106 661 адам жұқтырды, науқастардың 94,1%-і (100 409) аурудан айықты. 1 656 пациент қайтыс болды.

