Синоптиктердің болжамына қарағанда, 3 күн бойы Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады, ол ауа температурасының жоғарылауына әсер етеді.
Алайда кей жерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр өтеді. Тек еліміздің шығысында жауын-шашын болмайды, ал түнгі және таңғы уақытта кей жерде үсік және тұман болады, — деп хабарлады мамандар.