Басты бет Қоғам Фоторепортаж: Алматының алуан-алуан таулары

Фоторепортаж: Алматының алуан-алуан таулары

Алматыға сән беріп тұрған дүние - асқар әсем таулары. Өкінішке қарай, қарбалас жұмыстың кесірінен кей қала тұрғыны тауға шығып, таза ауада сергуге уақыт таппай жатады. Әйтсе де Алатауды қаладан шықпай да тамашалауға болады. Baribar.kz Алматы тауларына арналған фоторепортаж ұсынады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

ҚазҰУ студенттері университетін «қалашық» деп атайды. Шынымен-ақ, оқу орнының ауласы, ондағы саябақ, аңқыған қызыл-жасыл гүлдер, атқылап тұрған субұрқақ, ұзын әрі кең аллеясы басқа қалаға тап болғандай сезімге бөлейді. Ал университеттің арғы жағынан көрінген биік таулар бұл әсем көріністі одан әрі құлпыртқандай…

Казгу
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Көктөбе

Әдетте саяхатшылар Көктөбеге аспалы жол мен бақылау алаңдары арқылы Алматыны жоғарыдан көруге және Іле Алатауы жоталарының панорамасын тамашалауға барады. Табиғат сұлулығына тәнті болуға саябақта орналасқан арнайы дүрбілер көмектеседі.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Шымбұлақ

Алматыға келген адамның Шымбұлақты көргені абзал. Себебі Шымбұлақ Іле Алатауы шатқалында орналасқан. Ондағы климат пен күннің шуағы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларын еріксіз өзіне тартады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Шымбұлақтың табиғаты қыста да, жазда да ерекше. Қараша-мамыр аралығында шаңғы жарыстарын өткізетін, шаңғы тебетін мекенге айналса, жаз айларында қар жамылғысы бар тауларды тамашалайтын, турист көп келетін, қала тұрғындары мен қонақтары демалатын тамаша орын.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Exit mobile version