Басты бет Фотогалерея Үш рет өртенген Көктөбе аумағының қазіргі көрінісі

Үш рет өртенген Көктөбе аумағының қазіргі көрінісі

Алматыда 11-12 тамыз күндері Көктөбе аумағында үш рет өрт шықты. Төбе аумағы қазір қандай жағдайда? Baribar.kz тілшілері оқиға орнынан фоторепортаж ұсынады.

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Биылғы тамыздың аптабында Алматыдағы Көктөбе тауының аумағы үш рет өртенді. Тамыздың 11-інде алғашқы өрт жергілікті уақыт 14.30 шамасында басталған. Көктөбе телемұнарасынан 1 шақырым жерде қураған шөп өртенді. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, дала өрті 5 сағаттан соң өшірілді.

Осы күні 20.00 шамасында Көктөбе етегіндегі Әбубәкір Диваев көшесіне жақын маңда тағы да өрт шықты. Бұл жолы 10 гектар жер өртеніп, оқиға орнынан бір адамның мәйіті табылды. Полиция мән-жайды әлі тексеріп жатыр. Өртке қарсы қызмет отты 00.00-ге дейін сөндірді.

Келесі күні — 12 тамызда Көктөбе маңы үшінші рет түтінге оранды. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттің 13.52-де басталғанын хабарлады. Таудың оңтүстік-батыс баурайында ауданы шамамен 1 гектар болатын жердің қураған шөбі өртенген. Өрт екі сағатқа жуық уақытта сөндірілді.

Көктөбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Үш рет өртенген Көктөбе аумағы қазір қандай жағдайда? Baribar.kz тілшілері оқиға орнын шолып шықты.

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Әбубәкір Диваев көшесі тұрғындарының айтуынша, екінші өрт кезінде жалын тұрғын үйлердің дәл жанына жақындаған. Дер кезінде сөндірілмегенде баспаналарды шарпуы мүмкін еді.

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Тұрғындардың айтуынша, темекі тұқылынан шығуы мүмкін.

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Үйден шығып қашатынымызды я болмаса өрт сөндірушілер өртті бізге жеткізбейтініне сенетінімізді білмедік. Қатты қорықтық. Өрт үйіміздің жанына кеп тоқтағанда, жүрегімізді бастық. Бірақ қорқыныш әлі де бар, — деді тұрғындар.

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Өрт орны Көктөбе телемұнарасынан анық көрініп тұр.

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Өрт болған аймақтан әлі де ыстық жел соғады.

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Аумақ табиғатының әзір қалпына келуі екіталай сияқты.

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version