Басты бет Жаңалықтар Қауырсынды динозаврдың жаңа түрі табылды

Қауырсынды динозаврдың жаңа түрі табылды

Қытайда динозаврдың жаңа түрі табылды. Сүйек қалдықтарын зерттеген ғалымдар оның екі аяқты, қауырсынды болғанын айтады.

Сурет: nature.com

Эдинбург университеті мен Қытайдағы геология академиясының ғалымдары Ганьчжоу қаласында салынып жатқан мектеп маңайынан белгісіз жануардың сүйегін тапты. Ол өте жақсы сақталған. Ғалымдардың айтуынша, динозавр балшыққа батып өлген. Сондықтан оны «Тунтяньлун» (Tongtianlong limosus) деп атады. Ол қытай тілінде «аспанға бара жатқан лас айдаһар» деген мағынаны береді.

Тунтяньлун динозаврдың жаңа түрі
Сурет: nature.com

«Лас айдаһар» құстардың ата тегі деп саналатын овирапторозаврлар тұқымына жатады. Олар екі аяқты, қауырсынды, көлемі жағынан әртүрлі болған. Кішкентайы күркетауықтай болса, үлкенінің биіктігі 7 метрге дейін жеткен. Тістері болмағандықтан тұмысығының көмегімен тамақтанған. Ғалымдардың болжауынша, олар жұмыртқа, ұлулар мен буынаяқтылармен қоректенген.

Динозаврдың жаңа түрінің сипаты Scientific Reports журналында жарияланды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version