Бақытжан Сағынтаев Президентке Алматыдағы ахуал туралы айтты

Бақытжан Сағынтаев Президентке Алматыдағы эпидемиология жағдайы және коронавирус инфекциясының болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Алматы әкімі сонымен бірге қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек беру туралы есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдаудағы міндеттемелер толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін айтты. Мемлекет басшысы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға баса мән беруді тапсырды.