1. Google-дің туған күні

Биыл әлемдегі ең танымал іздеу жүйесіне 23 жыл толады. 1997 жылы 15 қыркүйекте Стэндфорд университетінің студенттері 24 жастағы Лари Пэйдж (Larry Page) және Сергей Брин (Sergey Brin) “google.com” доменін ашты. Бұл екеу әу баста “googol” деген математика терминін жазбақшы болыпты. Бірақ достары домен жазу кезінде “google” деп қателесіп кеткен екен. Сол кезден бастап “google”сөзі шыққан деседі.

Ал Google Inc компаниясының негізі 1998 жылы 7 қыркүйекте ресми түрде қаланды. Ол кезде бас кеңсе Калифорниядағы Менло-Парк қаласында орналасыпты. Қазір компания штабы Мауинтин-Вью қаласында тұр.

Бүгін Google – әлемдегі ең алпауыт компаниялардың бірі.

гугл
Түрлі жылдағы Google логотипі. Дереккөз: Minimalistwpthemes.com

2. Халықаралық демократия күні

15 қыркүйек – Демократия күні. Бұл атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылдың 13 желтоқсанындағы Үкіметтердің демократияны дамыту мен нығайтудағы күш-жігерін қолдауға арналған қарарында жарияланған болатын. Мереке 2008 жылдың 15 қыркүйегінен бастап аталып келеді. Қазір демократия адамзаттың негізгі құндылықтарының бірі болып саналады. Бұл барлық жетекші держава, достастықтар мен қауымдастықтардың, кәсіподақтар мен федерациялардың принциптерін құрудың негізіне айналды. Демократия адамға өз ойын еркін білдіруге, құқықтары мен бостандықтарын талап етуге және қорғауға мүмкіндік беріп отыр.

3. Рош ха-Шана – еврей Жаңа жылы

Рош ха-Шана (ивритше רֹאשׁ הַשָּׁנָה, сөзбе-сөз “жыл басы”) – еврей күнтізбесі бойынша қыркүйекте екі күн қатарынан тойланатын еврей жаңа жылы. Осы күннен бастап жаңа жылдың күндерін санау басталады.

Аңызға сенсек, бұл мерекеде адамдардың келесі жылғы тағдыры толық жазылады. Кім өмір сүреді, кім өледі, кім бақытты немесе бақытсыз болатыны шешіледі. Еврейлер осы күні Құдайдан кешірім сұрап, тек жақсылық тілеу керек деп есептейді. Олардың “Ле-шана това тикатев ве-техатем” деген дәстүрлі тілегі “Өмір кітабында құтты жылдағы тағыдырың жазылып, мөр басылсын” деген мағынаны білдіреді.

жаңа жыл
Дереккөз: http://29palms.ru

4. Автокөліксіз күн

Автокөлік өміріміздің бір бөлшегіне айналғаны рас. Бұл көлік түрі көптеген мүмкіндік беріп отыр. Алайда зияны да бар. Автокөліктің, одан шыққан газдың, түтіннің, қалдықтардың кесірінен қоршаған ортаның ластануы – дүниежүзінің өзекті проблемасы. Осы мәселенің алдын алу мақсатында 1994 жылдан бастап қоғам автотранспорт пайдалануды азайтуға қатысты ашық үндеу айта бастады. Сол жылдан бері Еуропада 22 қыркүйек автокөліксіз күн болып саналады. Кейін дүниежүзі елдері де бұл күнге ерекше мән беретін болды. Табиғат жанашырларының айтуынша, автокөлік пайдалануды қысқарту – қоршаған ортаға, адам денсаулығына пайдалы. Бұл күні автокөліктің орнына велосипед айдауға немесе жаяу жүруге болады.

5. Халықаралық жүрек күні

машина
Дереккөз: Webplus.info

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен “Халықарылық жүрек күні” аталып келеді. Қоғам назарын жүрек-қан тамырлары жүйесіне аударуға арналған алғашқы іс-шара 1999 жылдың 26 қыркүйегінде өтті. Атаулы күн 2011 жылға дейін қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланатын. 2011 жылдан бастап бұл күн белгілі бір күнге белгіленді. Енді 29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні.

Басты мақсаты – халықтың жүрек аурулары проблемалары туралы ақпараттандыруды арттыру, олардың алдын алу үшін дұрыс өмір салты және жүрек ауруынан болатын өлімді азайту бойынша профилактика шараларын насихаттау. Бүгінде бұл бастаманы БҰҰ мен ЮНЕСКО қолдап отыр.